Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Кездесуге қадам» фестивалі өтті

15 октября, 2022
in Мәдениет
0
«Кездесуге қадам» фестивалі өтті
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін ерекше жандар үшін ерекше фестиваль ұйымдастырылды. Көрме орталығында ерекше қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Кездесуге қадам» күзгі шығармашылық фестиваліне Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш. Мұқан қатысып, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.

— Ерекше жандардың қолынан шыққан туындыларды көріп, ерекше әсер алдым.«Балалар жылында» айтулы шығармашылық фестиваль ұйымдастырылып отырғанына қуаныштымын. Шығармашылық пен ізденіс балалардың дүниетанымын жан-жақты дамытуда үлкен рөл атқарады.«Кездесуге қадам» жасап, ұйымдастырып отырған қоғамдық ұйымдарға, атсалысқан білім ұйымдарына, ата-аналарға алғыс білдіремін. Шымкент қаласының әкімдігі әрдайым Сіздердің бастамаларыңызды қолдайды, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен және «ARMAN ALANI» Қазақстан коалициясының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты арнайы ұйымдар, кәсіптік колледждер мен инклюзивті сыныптар атсалысты. Ә.Қастеев атындағы өнер колледжі мен Шымкент қалалық жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің студенттер өздерінің қолөнер бұйымдарын қайырымдылық көрмесіне қойып, ерекше балалар үшін шеберлік сағатын жүргізді. Бірі сыршырай жанрында қылқаламмен сурет бояса, бірі ермексазбен түрлі ертегі кейіпкерлерінің мүсінін жасады. Ал, Оқушылар сарайы мен Саз колледжінің шәкірттері қазақтың көркем күйін шертіп, әсем әннен шашу шашты. Сондай, ақ, танымал киім дизайнерлері ұлттық киімдер мен салтанатты киімдердің дефилесін өткізді.
— Фестиваль Шымкент қаласы әкімдігінің, Азаматтық Альянс, Шымкент қалалық іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды. «АРДА», «JanBota», «Рахмет саған, Анашым», « I am Bala», «Bambini» оңалту орталықтарынан 150-ден астам бала келді. Алдағы уақытта бұл фестиваль жыл сайвн дәстүрлі түрде өткізетін боламыз. Қолөнер шеберлері мен колледж студенттері өз бұйымдарын қайырымдылық мақсатында сатылымға шығарды.Одан түскен қаржы ерекше балалардың қажеттілігіне, еміне жұмсалмақ,- деді А.Қарабеков атындағы оңалту орталығының директоры Ф.Бакибаева.

Айта кетейік, Шымкентте 143 мектепте ерекше қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалған. Қаланың 88 жалпы білім беретін мектепте 829 бала инклюзивті білім алса, 9 мектепте ашылған 59 арнайы сыныпта 471 оқушы оқиды. Сондай-ақ, Шымкентте 5 арнайы мектеп-интернат жұмыс істейді.

«Шымкент келбеті»
Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ

Алдыңғы жаңалық

Кітап оқитын ұлтқа айналуымыз керек

Келесі жаңалық

Шымкентте Республика күні қарсаңында ел чемпиондары марапатталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі