Суббота, 14 июня, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

Президент жолдауы бойынша фракция мәжілісі өтті

19 октября, 2022
in Cаясат, Билік
0
Президент жолдауы бойынша фракция мәжілісі өтті
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында қалалық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті, деп хабарлайды saraptimes.kz. Жиынға фракция мүшелері, партия филиалы жанындағы агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Қайрат Имашев, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыров қатысты. Фракция жетекшісі Төлеген Бекайдаров жүргізіп отырған жиынға қатысушылар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын насихаттау бойынша әңгіме өрбітіп, басым бағыттар бойынша пікір алмасты. – Биылғы Жолдау Президент бастаған саяси жаңғыру процесінің экономикалық өзгерістермен жалғасатынын көрсетіп отыр. Саяси-құқықтық трансформация халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған нақты іс-шаралармен жалғаспақ. Бұл мемлекеттің дамуы үшін қажет өзгерістердің кешенді түрде және кезең-кезеңімен қолға алынып жатқанын айқындайды. Мемлекет басшысы өз Жолдауында қарапайым халықты толғандырған нарықтық тұрақсыздық, бағаның өсуі, құрылыс және аграрлық секторларды дамыту, жерді игеру, салықмәселелері, ұлт денсаулығын сақтау жолындағы бастамалар мен тың реформаларды жүзеге асырудың қажеттігіне баса назар аударды, – деді Бекайдар Мұсаұлы. Жиында, сондай ақ, Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Әбунасыр Жанбатыровтың басқармада 9 айда атқарылған жұмыс туралы есебі тыңдалды. Сонымен қоса, Шымкент қаласында ҚР Президентінің Жолдауы аясында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі жастарымен «New public management» тақырыбында кездесу өтті. AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева, қалалық мәслихат депутаты Бақыт Қыдырбаев Мемлекет басшысының Жолдауындағы басым бағыттарға тоқталып, оны іске асыру мәселелерін талқылады. Спикерлер жаңа экономикалық саясат, жастар кәсіпкерлігін дамыту, әлеуметтік саланың әлеуетін көтеру, адами капиталды дамыту, саяси реформаларды жан-жақты түсіндіріп берді.

Алдыңғы жаңалық

Адами капиталды дамыту-басты назарда

Келесі жаңалық

Әділетті, әрі ашық қоғам қалыптастыруды қолға алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі