Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

М.Әйтенов жол құрылысы сапасын тексерді

20 октября, 2022
in Экономика, Қоғам
0
М.Әйтенов жол құрылысы сапасын тексерді
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

М.Әйтенов жол құрылысы сапасын тексерді
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Бозарық» шағын ауданындағы 74 га жерге тартылып жатқан инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын көріп, жұмыс сапасын қадағалады, деп хабарлайды saraptimes.kz. Аталған аумақтың 7 шақырымына электр энергиясы толықтай тартылып, құрылысы жүріп жатқан көп қабатты тұрғын үйлер қыркүйек айынан бастап сапалы электр қуатымен қамтылды. Бұған қоса 4,1 шақырымды құрайтын газ құбырын тарту жұмыстары басталған. Құрылыс толығымен жыл соңына дейін аяқталады, ал әзірге тиісті жұмыстың 20% атқарылды. Сондай-ақ, мұнда жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын кәріз жүйесі тартылуда. Қазіргі уақытта құрылыстың 70%-ға жуығы орындалып, жоспар бойынша қалған жұмыстар қараша айында толық аяқталады. Әрбір істің сапалы болуын талап еткен шаһар басшысы нысандар құрылысы мерзімінде аяқталуы қажеттігін айтып, тиісті басқарма басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне тапсырма берді. Сонымен қоса, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов “Өтегенов” көшесінде жалғасып жатқан жол құрылысы жұмыстарын да тексерді. Сапаға басты назар аударған шаһар басшысы нысанның мерзімінен кешіктірілмей тапсырылуын тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына ескертті. Қазіргі таңда құрылыс екі кезеңмен жүргізілуде. 1-кезең “Өтегенов” көшесі жалғасының құрылысы “Шымкент Сити” шағын ауданынан “Сырым батыр” көшесі аралығын қамтиды. Жалпы ұзындығы 1,205 шақырым, ені 28 метр, жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Қазіргі таңда, автомобиль жолына жер негізін жасау және тығыздау жұмыстары атқарылуда. Бұған қоса шағал тас төселіп, аяқжол салынып, ирригациялық арықтар орнатылуда. “Өтегенов” көшесі жалғасының 2-кезең құрылысы “Сырым батыр” көшесі мен “Төлеметов” көшелері аралығы. Жалпы ұзындығы 970 м, ені 23,5 метр.

Алдыңғы жаңалық

Жолдау аясында кәсіпкерлікті қолдау тұстары түсіндірілді

Келесі жаңалық

Бәйдібек би мен Арғынбеков қиылысындағы жолайырық құрылысы қарқын алған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі