Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мемлекеттік қызмет – зор жауапкершілік

20 октября, 2022
in Қоғам
0
Мемлекеттік қызмет – зор жауапкершілік
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан жас мемлекеттік қызметкерлермен кездесіп, еркін форматта әңгімелесті, деп хабарлайды saraptimes.kz. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті іс-шараны 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай ұйымдастырды. Аталған кездесудің мақсаты – мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерге мотивациялық серпін беру. Жиында Ш.Мұқан мемлекеттік қызметке дарынды жастарды тарту, мемлекеттік қызметшілердің білімі мен біліктілігін және дағдыларын үздіксіз жетілдіру, кәсіби және жеке құзіреттіліктерін арттырудың маңызы туралы айтып берді. – Мемлекеттік қызметшіге артылар жауапкершілік жүгі ауыр. Әрбір мемлекеттік қызметші қызметтік этиканы сақтап, өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін еліне адал қызмет етуге жұмсауы тиіс. Мемлекеттік қызмет – бұл үлкен жауапкершілік. Өз салаларыңның үздік маманы болыңдар, – деді Шыңғыс Жұмабекұлы. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Әли Көмекбаев, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Әділет Нысанбаев мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшінің халық алдындағы патриоттық сезімін оятып, жауапкершілігін арттыруға септігін тигізетініне тоқталды. Кездесу бейресми, еркін форматта өтті. Жастар толғандырған сауалдарын қойды. Айта кетейік, мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2022 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Шымкент қаласы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызмет көрсету функциялары бекітілген қызметшілерге арналаған арнайы бағдарламалар бойынша оқытулар ұйымдастырылды. Оқыту бағдарламасы сервисология, әлеуметтану саласындағы ғылыми білімді, сондай-ақ күйзеліске төзімділік, клиентке бағдарлану, заманауи ақпараттық жүйелерді пайдалану практикалық дағдыларын қамтыды.

Алдыңғы жаңалық

Бірегей тұлға Асанбай Асқаровтың 100 жылдық мерейтойына орай Шымкентте конференция өтті

Келесі жаңалық

Жаңаталаптағы 1361 абонент сапалы электр қуатымен қамтылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі