Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкентте ел бірлігі мен татулықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды

23 октября, 2022
in Мәдениет
0
Шымкентте ел бірлігі мен татулықты нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды
0
SHARES
27
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Республика күні қарсаңында Шымкенттегі Достық үйі ғимаратында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, қалалық ҚХА төрағасының орынбасары Ш.Ж.Мұқанның қатысуымен мерекелік кездесу өтіп, ел бірлігі мен татулықты нығайтуға елеулі үлес қосқан 8 азамат жоғары марапатқа ие болды.
Еліміз ширек ғасырда толағай табыстар мен жетістіктерге қол жеткізді. Оның ішінде елімізді мекендейтін этнос өкілдері қоғамның түрлі саласында еңбек етіп, берекелі бірлік жолында қазақстандық моделді қалыптастырды.
Бүгінде ассамблея мүшелері ел игілігіне бағытталған байсалды бастамаларға қолдау көрсетіп, ішкі бірлік пен татулықты нығайту жолында жемісті жұмыс жүргізіп келеді.
Осы орайда, Қазақстан Республикасында ел бірлігін нығайтуға, татулық пен келісімді сақтауға және рухани мәдениетті дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен Шымкент қалалық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Хакимбеков Тахиржан Туйчиевич, Әл-Фараби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің төрайымы Досметова Нуриниса Джамаловна және еврей этномәдени бірлестігінің белсенді мүшесі Белла Атран марапатталды. ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының «Құрмет» грамотасымен «Шымкент қалалық ұйғырлар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Искендиров Динмұхамед Жармуханбетович, ҚР Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» хатымен Мейірбеков Нұрболат марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі М.А.Әзілхановтың атынан бірқатар Алғыс хаттар тапсырылды.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте Республика күніне орай достық үйінің базасында «Бірлік Алаңы» ашылды

Келесі жаңалық

Республика күніне орай Шымкентте ашылған «Бірлік Алаңында» алғашқы дебат өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі