Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте көмірдің бағасы 15100 бен 15300 теңге аралығында

3 ноября, 2022
in Қоғам
0
Шымкентте көмірдің бағасы 15100 бен 15300 теңге аралығында
0
SHARES
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы 2022-2023 жылғы жылыту маусымы 20 қазаннан басталғаны белгілі. Қазіргі уақытта жылу беру барысы штаттық режимде өтуде. Жылыту маусымына байланысты қазіргі жағдай бойынша баспасөз брифингі өткізілген болатын жуырда. «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қарасты 15 қазандықтар мен 17 сорғы станциялар бірқалыпты жұмыс атқарып, жылу өндіруде. Орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етілетін 1987 көпқабатты тұрғын үйлер мен 484 бюджеттік мекемелерге температуралық кестеге сәйкес жылу беріліп жатыр. Бюджеттік мекемелерге қажетті 4,7 мың тонна көмірге және 655 тонна сұйық отынға толық келісімшарт жасалған, мекемелердің өтініміне сәйкес тасымалданатын болады», – деді басқарма басшысының орынбасары А.Әбдіхалықов. Сонымен қатар, қаладағы 4 ауданда, жылу жүйелеріне мониторинг және оперативті жөндеу жұмыстарын атқаратын 9 учаске қызмет етеді, онда 36 бригада жасақталған. Бұдан бөлек, қала тұрғындары үшін жылу маусымында орын алған ақаулықтарды оперативті түрде жөндеу үшін өтінімдерді қабылдау бойынша диспетчерлік қызмет 24/7 форматта (телефон номерлері БАҚ және әлеуметтік желілерде жарияланған: 44-81-89, 44-82-37) және бірыңғай «I-Komek-109» орталығы да 24/7 форматында жұмыс жасауда. Айта кетейік, Шымкент қаласының көмірге қажеттілігі 72 мың тонна, Атап айтқанда: – бюджеттік мекемелерге (білім, денсаулық, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту – 4,7 мың тонна) және дербес қазандықтарға («Қуатжылуорталық-3» МКК 1,1 мың тонна ) қажетті 5,8 мың тонна, толық қамтамасыз етілген (100%). 1 тонна көмірдің бағасы 15 100 – 15 300 теңге аралығында. Бүгінгі күнге көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша арыз шағым түскен жоқ. Көмірмен қамту туралы қала тұрғындары тиісті басқармаларға өтініш айтқан болатын. Осы негізде бүгінгі күні жұмыстар атқарылуда. Шымкент қаласы бойынша ұсынылған өңірлік көмір операторларының тізбесі келесідей: ЖК «Пернебаев», «Азамат Мунай» ЖШС, ЖК «AVZ – NRADE», ЖК «Куралбаев», ЖК «Arganat», «Алтынколь Терминал» ЖШС, ЖК «Қошжанов», «Vip-M» ЖШС, «РеалТранс-К» ЖШС.

Алдыңғы жаңалық

Шымкент: Жылыту маусымы штаттық режимде өтуде

Келесі жаңалық

БАҚ өкілдері әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі