Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

«Таза қала» үздіктері марапатталды

4 ноября, 2022
in Мәдениет
0
«Таза қала»  үздіктері марапатталды
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter


Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен оныншы рет өткен «Таза қала» акциясы қазан айында мәресіне жеткен болатын. Бүгін Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы мен Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының өкілдері жеңімпаздардың жүлдесін салтанатты жағдайда табыстады.
— Бүгін Республикалық маңызға ие Шымкент қаласының көркейіп, абаттануына үлес қосып отырған азаматтардың басын қосып отырмыз. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан акцияның биыл ауқымы кеңейіп, үздіктер саны артып отыр. Бұған дейін қала бойынша 4-5 аталыммен ғана үздіктер анықталып келген. Биыл 5 номинация бойынша әр ауданның өз үздіктері анықталып отыр. Бұл қаланың басым бөлігін қамтуға мүмкіндік берді. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып, қаланың көркеюіне үлес қосып жүрген өздеріңіздей азаматтарға алғысымыз шексіз, — деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының орынбасары Бексұлтан Әділханов.
«Таза қала» акциясы аясында арнайы комиссия құрылып, қаладағы 4 ауданнан «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үлгілі коммуналдық қызметкер», «Үздік шағынаудан» аталымдарына сай жеңімпаздарды анықтаған.
— «Таза қала» акциясын ең алғаш рет 2007 жылы Шымкент қаласы облыс қарамағында кезде бастау алған. Содан бері байқау оныншы мәрте ұйымдастырылып отыр. Жыл өткен сайын акцияға қызығушылық танытып, белсенді атсалысатын тұрғындар қатары көбейіп келеді. Сондықтан биыл әр аталым бойынша 4 ауданның өз жеңімпазын анықтауды жөн көрдік. Сондай-ақ, бұған дейін жеңімпаздарға бағалы сыйлық берген болсақ, биыл қатысушылардың өтінішіне орай жүлдені қаржылай табыстап отырмыз. Акцияның жүлде қоры 4 миллион 300 мыңды құрайды. Әр ауданға 1 миллионнан бөліп, қалған қаражатты ұйымдастыру жұмыстарына бағыттадық, — дейді Шымкент қаласы Азаматтық Альянсының төрағасы Жұмағали Білісбеков.
Айта кетейік, 5 аталым бойынша әр ауданнан 15 үздіктен 60 азамат марапатталды.
«Шымкент келбеті»
Суреттерді түсірген Серік ҚОСАЕВ.

Алдыңғы жаңалық

«Бақытты отбасы» бағдарламасының нәтижесі шықты

Келесі жаңалық

Мақсат-сайлаудың заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз ету

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі