Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

“Agritek Shymkent’2022” ауыл шаруашылығының ІХ халықаралық көрмесі өтуде

10 ноября, 2022
in Ауыл, Қоғам
0
“Agritek Shymkent’2022” ауыл шаруашылығының ІХ халықаралық көрмесі өтуде
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“Agritek Shymkent’2022” ауыл шаруашылығының ІХ халықаралық көрмесі өтуде
Шымкентте “AgriTek Shymkent’2022” ауыл шаруашылығының ІХ халықаралық мамандандырылған көрмесі өтуде, деп хабарлайды saraptimes.kz. Көрме қараша айының 9-11 күндері аралығында жалғасады. Бүгін көрме аясында өткен конференцияға қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы арнайы қатысып, сала көшбасшыларымен пікір алмасты. Урбанизациясы мен агломерациясы күн санап өсіп келе жатқан үшінші мегаполис — еліміздегі ауыл шаруашылығы үшін қолайлы аймақтардың бірі. Мұны ескерген шаһар басшысы егіс егіп, өнім өндіруде алыс-жақын шет елдердің озық технологияларын үйреніп, тәжірибеде іске асыру қажеттігін де қаперге ілді. Сөз соңында жемісті еңбек етіп, ауыл шаруашылық саласын өркендету жолында тер төгіп жүрген қатысушыларға табыс тіледі.
— Жемісті жылдың жетістігін паш ететін барлық ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін шаруаларға, кәсіпкерлерге зор алғысымды білдіремін. Дихандарымыздың, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің жоғары кәсібилігінің, өз ісіне адалдығының және қажырлы еңбегінің арқасында агроөнеркәсіп кешені азық-түлік қауіпсіздігінің сенімді кепіліне және экономикалық дамудың басты қозғаушы күшіне айналды,-деді қала әкімі Мұрат Әйтенов. Айтып өтейік, көрме қараша айының 9-11 күндері аралығында жалғасады. Қазіргі таңда мұнда ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, суару және тыңайтқыш технологиялары, тұқымдар мен көшеттер, құс және мал шаруашылығына арналған жабдықтар мен технологиялар, сондай-ақ ветеринариялық технологиялар қойылған. Жалпы еліміздің және Корея, Ресей, Түркия сынды басқа да 50-ден астам мемлекеттің экспоненттері ұсынылып отыр. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары сіздерді Назарбаев даңғылы 12 “Көрме орталығы” ғимаратында күтеміз.

Алдыңғы жаңалық

Аспалы көпірдің құрылысы аяқталды

Келесі жаңалық

Сайлауда халықаралық бақылаушыларды акредиттеу мәселелері бойынша есебі тыңдалды.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі