Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент: Газбен байланысты оқыс -оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

11 ноября, 2022
in Қоғам
0
Шымкент: Газбен байланысты оқыс -оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Мәлік Әбдінұровтың қатысуымен газ тұтынушылардың ішкі газ жүйесіне техникалық қызмет көрсетуші мекемелер мен келісім-шартқа тұру міндеттілігі бойынша өткен баспасөз брифингте мәлім болды.

– 2022-2023 жылғы жылыту маусымына алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізу үшін жыл басында аудан әкімдіктері мен төтенше жағдайлар басқармасы және «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ШӨФ басшыларына хат жолданып, жыл соңына дейін кесте бекітілген. Бекітілген кестеге сәйкес, қала тұрғандарына газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Бұл – профилактикалық жұмыстың мақсаты қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі, — деді М.Әбдінұров.

Спикердің айтуынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің сайтында Шымкент қаласында тіркелген 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті аттестат алған. Талдау жұмыстарының нәтижесінде қалада бүгінгі күнге 13 компания қызмет атқарады. Ал, түтіндік мұржаларын және желдеткіш арналарын тазалайтын 7 мекеме бар.

ҚР «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңының 19 бабының 3 тармақшасына сәйкес, тұрғындар тұрмыстық газды пайдалану барысында аттестатталған, мамандандырылған мекемелермен (ВДГО) өздеріне тиесілі газ жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті делінген.

Үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге тиісті шарт жасалуын цифрландыру мақсатында, «I-Shymkent» порталына 13 компанияның тиісті мәліметтері еңгізіліп, іске қосылған. Аталған бағдарлама арқылы үй-ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге келісім шартты электронды түрде жасауға мүмкіндік бар. Қала тұрғындары үйінде отырып 13 мекеменің қызметтерімен өз таңдауы бойынша онлайн келісім-шартқа тұруға мүмкіншіліктері бар.

Алдыңғы жаңалық

Шымкентте алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды

Келесі жаңалық

Шымкентте "Этно Шымкент" фестивалі өтуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі