Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр

14 ноября, 2022
in Қоғам
0
Мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Бүгінде тұрғындар тарапынан азық түлік бағаларына арнайы тексеріс жұмыстарын жүргізіп тұру туралы өтініштер жиі түседі. Өйткені азық түлік дүкендерінде бағалар жиі өзгеретіні жасырын емес. Кез-келген тауар түрін қымбат бағаға саудалауға құмбыл сатушылар ол үшін арнайы заң талаптары барын білмейтіндігі жасырын емес.

Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы аумағындағы ірі сауда орындары мен үй алдындағы азық-түлік дүкендерін аралап, бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (19 тауар) мониторинг жұмыстарын жүргізілуде. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 19 тауар түрі кіреді.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарын беру шартында көрсетілген, өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда арқылы берушінің сатып алу бағасының он бес пайызынан аспайтын шекті сауда үстемесінің мөлшерін белгілейді деп көрсетілген.
Ал, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 204-4 бабына сәйкес, ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына Қазақстан Республкасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сауда үстемесінің мөлшерін арттыру – ескерту жасауға алып келеді.
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін, бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет – шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады делінген.
Қала әкімдігі тұрғындарының өтінішіне орай егер, қала аумағындағы дүкендерде тауар бағаларының қымбаттағанын байқаған жағдайда сенім телефонына хабарласуларын сұрап отыр.

Алдыңғы жаңалық

Шымкенттің инвестициялық әлеуеті күн санап артып келеді

Келесі жаңалық

Мемлекеттік тілге құрмет – елге құрмет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі