Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Мерзімді әскерге шақыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

14 ноября, 2022
in Қоғам
0
Мерзімді әскерге шақыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Ақпанның сегізінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және азаматтарды 2022 жылдың наурыз-шілдесінде және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Азаматтардың əскери қызметке жарамдылық дəрежесін айқындау үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, қалалар мен аудандарда жергілікті атқарушы органдардың шешімімен тұрақты негізде медициналық комиссиялар құрылды.

Олар əскерге шақырылушы азаматтарды медициналық куəландырудан өткiзеді. Болашақ сарбаздардың денсаулығы мінсіз болуы шарт. Сондықтан кешенді тексеріс тағайындалады.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561-IV Заңының 31-бабына сәйкес он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдары жасақтау үшін қажетті санында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.
Осыған орай, Шымкент қаласына қарасты Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Жол-көлік» колледжі және №4 колледж студенттеріне Отан алдындағы әскери борыштарын өтеулері жайында іс-шара өткізілді.
Мерзімді әскерге шақыруға жататын азаматтар тарапынан әскерге барудан және медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтарғандар үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік және Қылмыстық кодексімен жауапкершілікке тартылатындағы туралы айтылды.
▫️ Сонымен қатар, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынын» Шымкент қаласы бойынша филиалының мамандары «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» бойынша жан-жақты түсіндіріп өтті. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын таба беретін болады.

Алдыңғы жаңалық

Мемлекеттік тілге құрмет – елге құрмет

Келесі жаңалық

Отандық тауар импортты ысыра алады ма?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі