Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жол сапасы жақсарып келеді

15 ноября, 2022
in Қоғам
0
Жол сапасы жақсарып келеді
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Жол активтері сапасының ұлттық орталығын құрудағы негізгі мақсат — автомобиль жолдарының сапасына терең талдау жасауды қолға алу. 2019 жылдың наурыз айында Үкіметтің қаулысы бойынша құрылған «Ұлттық сапа орталығының» басты міндеті – үш бағытта жұмыс істеу. Біріншісі – жол жөндеу жұмыстары, сараптама жасау және де жол құрылыс материалдарына сараптама жасау, екіншісі — автомобиль жолдарына диагностика жасау, үшінші — ведомоствалық сараптама жасау.

Осы уақытқа дейін филиал Білім басқармасымен бірлесіп, болашақ жол құрылысы мамандарын дайындау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде. 2020 жылы 50-ге жуық мектеп қамтылса, 2021 жылы қаламыздың барлық мектептерінде кездесулер ұйымдастырылды. Ал 2022 жылы 70-ке жуық мектепте кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Бұдан бөлек, үш жылда сынақ зертханасы 745 сараптама өткізіп, 1 632 ақауды анықтаған. Оның ішінде өрескел ақаулар саны – 150. Филиал қызметкерлері «Сапалы жол – адалдық алаңы» кеңсесімен бірлесе отырып, жол сапасына қатысты заң бұзушылықтарды анықтау мақсатында 24 рейд ұйымдастырған. Осы жылы да 205 нысанға рейд жүргізіліп, нәтиежелері бойынша 198 кемшілік пен ақаулар анықталып отыр. Олардың қатарында жол белгілерінің беріктігі сәйкес келмеуі, бетонның сапасы сияқты түйткілдер бар. Сондай-ақ сыналған 780 құрылыс материалының 556-сы талапқа сай келмейтіндігі белгілі болған. Бұдан бөлек, орталық тарапынан М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен және Жол-көлік колледжімен болашақ жол мамандарына бағыт-бағдар беру мақсатында меморандум түзіліп, тұрақты түрде іс-шаралар өткізіліп тұрады. Үш жылдың ішінде 9 студент ақылы өндірістік тәжірибеден өтсе, қазіргі таңда М. Әуезов атындағы ОҚУ түлегі сынақ зертханасында қызмет атқаруда. Қорыта айтар болсақ, Шымкент қаласындағы жолдардың сапасы жыл өткен сайын артып келеді. Мұның өзі жергілікті әкімдік тарапынан жүргізіліп жатқан бақылау жұмыстарының оң нәтиже беріп жатқанын аңғартады.

Алдыңғы жаңалық

Қоқысты кәдеге жарату ісі қолға алынбақ

Келесі жаңалық

Call-центры на время выборов президента запустят в 4 районах Шымкента

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі