Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкентте автосалондар тұтынушы құқығын бұзып жүр

27 марта, 2023
in Қоғам
0
Шымкентте автосалондар тұтынушы құқығын бұзып жүр
0
SHARES
76
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте автосалондардың бірі тұтынушыға 2016 жылғы көлікті 2019 жылғы деп алдап сатқан. Бар шындық азаматша сатып алған автосын бір айдан соң, қайта сатуға қойғанда, вин-код арқылы тексеріліп, ашылыпты. Бұл туралы Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің өкілдері хабарлап отыр.

Шаһардағы көлік сататын салондар заңды белшесінен басып жүр. Бірі көліктің параметрлерін қате көрсетіп, ендібірі тіпті шыққан жылын жасырып, жүрілген шақырымды азайтатын алаяқтыққа баратын көрінеді. Оның бәрі Шымкент қалалық тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша ескерту беріліп, айыппұл салынған.

«Шымкент қаласындағы әуе компаниясының атына да тұтынушылардан арыз-шағым жиі түседі. Кәсіпкерлер тұтынушылық дауға немқұрайлы қарап, үнемі ескертулерді назарға ілмей келген. Нақтырағы, халық жүктеріндегі тауарлардың сыну, бүлінуі секілді шағымдарға бей-жай қарап, өтеп беруден бас тартып отырған. Сонымен қатар, билеттерді кері қайтаруда да мәселелер жетерлік» — дейді департамент директоры орынбасарының міндетін атқарушы Бақытжан Салхожаев.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Шымкент қалалық департаментіне 2022 жылы келіп түскен шағым 2021 жылмен салыстырғанда 245 %-ға артыпты. Былтыр 35 миллион теңгеге жуық қаржыны қайтарған болса, биыл бұл сома – 66 миллионға жетіп отыр. Департамент мамандарының мәлімдеуінше, бұл құқықтық сауаттың артуының, халықтың бей-жай қарамауының нәтижесі.

Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

Шаһар басшысы қар тазалау жұмыстарын тексерді

Келесі жаңалық

Жыл бойы ақы төлеген смартфоны істен шыққан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі