Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түлкібаста «Парктер шеруі» акциясы өтті

3 апреля, 2024
in Мәдениет
0
Түлкібаста «Парктер шеруі» акциясы өтті
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шараның мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі мәселелерін және мемлекеттік табиғи қорығы қорының нысандарын сақтап қалуға жалпы жұртшылықтың назарын аудару.

Түлкібас ауданының орталық саябағында «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының» және аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен «Парктер шеруі – 2024» табиғатты қорғау акциясы өтті. Акцияға аудан әкімінің орынбасары Е.Орманов, «Ақсу-Жабағлы» мемлекеттік табиғи қорығының директоры С.Қынтаев, «AMANAT» партиясы Түлкібас аудандық филиалының атқарушы хатшысы Е.Жүнісов арнайы қатысып, сөз сөйлеп, жастарға іс-шараның маңыздылығын жеткізді. Шараның мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың негізгі мәселелерін және мемлекеттік табиғи қорығы қорының нысандарын сақтап қалуға жалпы жұртшылықтың назарын аудару. Табиғаттың қаймағы бұзылмаған керемет орындарын қаз қалпында сақтап, келешек ұрпаққа табыс ету. Аталған шараға аудан жастары белсене қатысып, көпшілікті қоршаған ортамызды қорғауға, табиғатты аялауға атсалысуға шақырды. Акция барысы тақырыпқа сай концерттік бағдарламамен жалғасып, шара соңы орталық саябақ аумағын көгалдандыру мақсатында тал көшеттерін отырғызумен түйінделді. Айта кетсек, «Парктер шеруі» табиғат қорғау акциясы АҚШ-тан бастау алып, әлемнің көптеген елдерінде 1990 жылдан, ал Қазақстанда 1996 жылдан бастап ұйымдастырылып келеді.

Алдыңғы жаңалық

«ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҮКІМЕТ» ПОРТАЛЫНЫҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ

Келесі жаңалық

Түркістандық делегациясы кореялық кәсіпорын басшыларымен келіссөз жүргізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі