Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

Созақта бокстан халықаралық жарыс басталды

3 апреля, 2024
in Спорт
0
Созақта бокстан халықаралық жарыс басталды
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Созақта бокстан халықаралық жарыс басталды
Созақ ауданындағы «Нұр-Аман» сауықтыру кешенінде бокстан жастар мен жасөспірімдер арасында аудан әкімінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған халықаралық жарыс жалауын көтерді. Байрақты бәсекенің ашылуында Созақ ауданының әкімі Мұхит Тұрысбеков жас спортшыларға ізгі тілегін арнап, спорт саласы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жобаларға тоқталып өтті. «Халқымыз ежелден денсаулықтың қадірін жете түсініп, оны басты байлыққа балаған. Бүгінде спортты дамыту – мемлекетіміздің стратегиялық басым бағыттарының бірі. Өткен жылы ауданда спорт саласы бойынша 8 жоба іске асып, жылды табысты қорытындыладық. Келер жылы осы бәсекені заман талабына сай жабдықталған спорттық-сауықтыру кешенінде өткізетін боламыз. Осындағы спортты жанына серік еткен жастарымыз халықаралық сайыстарға тұрақты қатысып, әрдайым жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспін», — деді аудан басшысы. Ардагер спортшы Шәдібеков Анарбай құттықтау сөз сөйлеп, ақ батасын берді. Айта кетейік, аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген халықаралық жарысқа көршілес Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттері мен еліміздің бірнеше өңірінен 25 команда қатысуда. 18 салмақ бойынша жиналған 300-ге тарта жас спортшы өзара сынға түсіп, кіл мықтының ішінен кім мықтыны анықтайды. Жарыс сәуір айының 5-не дейін созылады.

Алдыңғы жаңалық

Түркістан өңірінде 2 жыл бойы қылмыс тіркелмеген ауыл бар

Келесі жаңалық

Шетелдік туристер саны 5 есе көбейді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі