Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістанда көпқабатты 22 үй газ жүйесіне қосылды

3 апреля, 2024
in Қоғам
0
Түркістанда көпқабатты 22 үй газ жүйесіне қосылды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда көпқабатты 22 үй газ жүйесіне қосылды
«Отырар» шағын ауданында орналасқан көпқабатты 36 үйдің қазіргі таңда 22-сі табиғи газ тұтынуда. 11 үйде газ құбырларын қосу жұмыстары атқарылуда. Түркістан қаласы әкімдігінің аппараттық мәжілісінде құрылыс бөлімі басшысының есебін тыңдаған қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков шағынауданды табиғи газбен қамтуды 30-сәуірге дейін толық аяқтауды тапсырды. Инфрақұрылым және коммуникациялар бөлімінің басшысы қала аумағында санитарлық тазалықпен “Түркістан жарық-тазалық” ЖШС-дан бөлек 6 жеке кәсіпкер айналысатынын, жалпы 907 көше аумақтар бойынша бекітілгенін баяндады. «Соңғы кезде маған тұрғындардан тазалыққа қатысты шағым жиі түсетін болды. Бұл жеке кәсіпкердің жауапсыздығы ма әлде жұмысты өз деңгейінде бақылай алмаған бөлімнің кінәсі ма? Жұмысты қолынан келетін адамға беру керек. Қадағалауды күшейтіңіздер», — деген қала әкімі жауапты азаматтарға ескерту жасады. Күн тәртібіне сәйкес, мәжілісте облыс әкімінің, қала әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы да сараланды. Сонымен қатар қаладағы кәріз жүйесінің құрылысы жүрген көшелерге табиғи тапталу кезеңінен өткенше тас төсеп, оны тегістеу жұмысын толық аяқтауға екі апта мерзім белгіленді.

Алдыңғы жаңалық

Есте сақтау қабілетін жақсартқыңыз келсе, қанттан бас тартыңыз

Келесі жаңалық

Сарыағашта «Жайлы мектептің» құрылысы қарқынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі