Осыдан алты жыл бұрын облыс орталығына айналған Түркістанда құрылыс жұмыстары әліде қарқынды. Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамту жұмысы бәсіңсіген емес. 2020 жылы Түркістанда 496 пәтер пайдалануға берілген болса, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 2,3 есеге артып отыр. Көне шаһарда сапалы инфрақұрылым құрлысы да күнтіртіптен түскен емес.
Қазіргі таңда, Түркістан қаласында тұрғын үй кезегіне 17 мыңға жуық азамат мұқтаж ретінде тіркелген. 2023 жылдың қорытындысымен кезекте тұрған азаматтарға 684 пәтер беріліп, жалпы 3 жылда кезекте тұрған азаматтарға 1518 пәтер кілті табысталған.Түркістан қаласы Отырар мөлтек ауданында 5 қабатты 20 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Секциялы үйлердің құрылысы облигация есебінен басталған. Пәтерлерді нарық бағасынан төмен, яғни шаршы метрі 220 мың теңгеден несиеге ұсыну жоспарланған.
КӘРІЗ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТУ 50%-ҒА ЖЕТТІ
Облыс орталығы атанғанына 5 жылдан асқан Түркістанда орталықтандырылған кәріз жүйесінің құрылысы қарқынды жүзеге асуда. 2020 жылдың қорытындысымен қалада орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 32,2 пайыз болса 2024 жылдың бірінші тоқсанымен 4 нысаның құрылысы аяқталып, абонент саны 20 274-ке жетіп, жалпы көрсеткіш 48,9 пайызды құраған. Бұл – халқы күн санап өсіп, құрылысы қарқын алған шаһар үшін жақсы көрсеткіш.
Түркістан қаласында сарқынды су желісі — 127,25 шақырым, оның ішінде – магистральдық – 39 шқ, көшедегі желілер – 40 шқ, ішкі орамдағы және ішкі ауладағы желілер – 48,2 шқ-ды құрайды. Тұран тұрғын үй массивін сарқынды су жүйесімен қамтамасыз ету құрылысы (2-кезек)) 2023 жылдың соңына пайдалануға тапсырылса, 12 нысанның құрылысы ағымдағы жылы іске асырылуда. Сонымен қатар қосымша 3 нысан құрылысынареспубликалық бюджетке қаржыландыруға ұсынылған. Аталған жобалар толықтай іске асырылған жағдайда қала аумағын кәріз жүйесімен қамту 80 пайызға жетеді.