Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

2 октября, 2024
in Uncategorized
0
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістан қаласында ауқымды сенбілік өтті. Шараға қаланың ақсақалдары, ерікті жастары және шаһар тұрғындары қатысты. Жалпы 1 мыңнан аса азамат киелі қаладағы «Жеңіс» саябағы және өзге де демалыс орындарында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара мақсаты – рухани астана тұрғындарын тазалыққа үйретіп, қаланың келешегі үшін әрбір азаматтың еңбек етуі маңызды екенін түсіндіру.
— Біздер, яғни қаланың алдыңғы буын өкілдері, мына жастарға үлгі болуымыз керек. Сол үшін де ауқымды тазалық шарасына білек сыбана кірістік. Сенбілік жұмыстарын «Жеңіс» саябағынан бастауымызда мән бар. Себебі, дәл осы демалыс аймағы қала қонақтары да, тұрғындары да жиі келетін орын. Сондықтан да қала жастарын, тұрғындарын тазалық науқанын жұмыла қолдауға шақырамын,- дейді облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов.
Шараға қатысушылар сенбілікте белсенділік танытып, тазалық мәдениетін қалыптастыруға атсалысты.
— Қаламызда жыл басынан бері жүріп жатқан экоакция аясында ауқымды сенбіліктер тұрақты ұйымдастырылып келеді. Осы жұмыстар арқасында тұрғындар арасында тазалық мәдениеті қалыптасып келе жатқанын аңғаруға болады. Қала тұрғындарын тазалық шараларына бірлесе кірісуге шақырамыз,- деді шараға қатысқан Түркістан облыстық маслихатының депутаты Инара Намазбаева.
Сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы аясында Түркістан қаласында көптеген жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күнге дейін 100-ден аса тазалық шаралары өткізіліп, әр апта сайын 10 мыңға жуық тұрғын сенбілік жұмыстарын жүргізді. Жалпы, Түркістан қаласында санитарлық тазалықпен қамтамасыз етілген 875 көше бар. Күтіп-ұстау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Оның ішінде 136 көше механикалық жолмен тазаланады. Қала аумағы 6 секторға бөлінген. Бүгінде шаhарда 32 саябақ, 32 демалыс аллеясы бар. Облыс орталығындағы көгалды аймақ бүгінде 262 гектарға жеткен. Акция аясында 1 миллионға жуық көшет отырғызылып, 8 гектар жерге гүл егілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Алдыңғы жаңалық

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТҮРКІСТАНДА СЕНБІЛІККЕ 1 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ ҚАТЫСТЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ШАРАЛАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі