Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ, «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

21 мая, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҚСАРТУ, «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН САПАЛЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш ауданына іссапармен барып, Дербісек елді мекенінде салынып жатқан таза ауыз су құрылысының жұмысымен танысты. 2022 жылы басталған бұл құрылыс өткен жылы тапсырылуы қажет еді. Алайда, жауапты мердігердің тарапынан бұл жұмыстар әлі толық бітпей тұр. Осы ретте жұмыстарды жеделдетіп, мамыр айының соңына дейін аяқтау тапсырылды.
Іссапар «Жібек жолы» кеден бекетінде жалғасты. Өзбекстан Республикасымен шектесетін бұл аймақ туризмді дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Осы ретте кеден бекетінің инфрақұрылымын модернизациялау және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, бекет маңындағы валюта айырбастау пунктерінің жұмысын реттеу тапсырылды. Сондай-ақ шекаралық бақылаудан өтетін азаматтарға құжаттық бақылауды автоматтандыру жөнінде ұсыныстар айтылды.
Іссапар соңында Сарыағаш ауданының криминогендік жағдайы туралы мәжіліс өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, бөлім басшылары және ауылдық округі әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, жауапты басшылар баяндама жасады.
Одан бөлек, аудан-қала әкімдіктермен zoom платформасы арқылы жиналыс өтті. Онда «Таза Қазақстан» республикалық экоакциясы барысында атқарылған жұмыстар талқыланды. Акция басталғалы дұрыс атқарылмай жатқан және тиісті деңгейде орындалмаған мәселелер қаралып, нақты тапсырмалар берілді. Бұл бойынша арнайы кесте бекітілген. Тазалық жұмыстары рет-ретімен орындалуда.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТАР САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛУДА

Келесі жаңалық

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЛАНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ МЕН ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ЖАҚСАРТУ ЖҰМЫСТАРЫН ТЕКСЕРДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі