Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ПОЛИЦИЯ ЕКІ БІРДЕЙ ТҰРҒЫНДЫ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҒЫНАН САҚТАП ҚАЛДЫ

21 июля, 2024
in Uncategorized
0
ПОЛИЦИЯ ЕКІ БІРДЕЙ ТҰРҒЫНДЫ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҒЫНАН САҚТАП ҚАЛДЫ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Таңғы уақытта Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын көмек сұрап келді. Оның айтуынша, телефонына белгісіз нөмір хабарласып, «сим картасының» мерзімі өткенін хабарлаған. Оған сенген ер адам, нөмірін жаңарту үшін жіберілген кодты айтқан. Десе де артынша телефонына несие туралы түсініксіз сілтемелер келіп, осы мәселені тексеріп беру үшін бірден полицияға жүгінген.
Бақылап-өткізу бекетінде тұрған полицей Арнұр Шалқар тұрғынның хабарламасы негізінде бірінші кезекте интернет алаяқтығына күмәнданады.
Тексеру кезінде шынында тұрғынның атынан белгісіз біреулер несие алуға әрекет жасап жатқанын көреді. Содан жедел іске кірісіп, тұрғынның ұялы телефонынан «eGov» мобильді қосымшасы арқылы 6 ай мерзімге ерікті түрде несие алудан бас тарту деген бөлігін белгілейді. Нәтижесінде алаяқтық қылмысының алдын алып, тұрғынға жәрдем етеді.
Жоғарыдағы жағдай қызметкердің жедел әрекеті арқасында дер кезінде тоқтатылғанымен, бірер сағаттан кейін полицияға тағы бір тұрғын дәл сондай шағыммен келеді. Алайда тексеру кезінде оның атынан белгісіз біреу 1 миллион теңге несие алып қойғаны белгілі болды. Оның атынан тағы да бірнеше банкке несиеге өтінім тасталғанын байқаған полиция кіші сержанты Арнұр Шалқар, бұл ер адамның да телефонынан несие алудан бас тарту функциясын басып, бұғаттап береді.
Өз кезегінде тұрғындар жас та болса, қолдан келгенінше қолғабыс етіп, қылмыстың алдын алған А.Шалқарға алғыстарын жаудырды.
Қазіргі таңда алаяқтық қылмысы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Алдыңғы жаңалық

ПОЛИЦИЯ ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТАРЫНАН САҚ БОЛУҒА ШАҚЫРАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА IT УНИВЕРСИТЕТІН ҚҰРУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі