Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ІТ-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

21 июня, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ІТ-ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кибер қылмыспен күресу мақсатында бірер жыл бұрын Қазақстан билігі «Киберқалқан» тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдаған болатын. Оны іске асыру мерзімі екі кезеңге бөлінді. Біріншісі 2017-2018 жылдар аралығында іс-шаралар жоспары бекітіліп, заң нормалары жетілдірілді. Заңда алғаш рет «киберсақтандыру» ұғымы пайда болып, кибершабуылдар кезінде деректердің жариялануы салдарынан азаматтаррға келтірілген залалды  өтеу көзделді. Бұған қоса, ақпараттық қауіпсіздік саласының мамандарын көбейтуге көңіл бөліне басталды.

Екінші кезеңі 2019–2022 жылдар аралығында ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге қазақстандық IT-компаниялардың негізді түрде қатысуы қамтамасыз етілді.  Жалпы, тұжырымдаманы іске асыру кезеңінде киберқауіпсіздікте белгілі бір нәтижелерге қол жеткізілді, атап айтқанда сапалы кәсіби қызметтер нарығы құрылды, осы мамандық бойынша білім беру гранттары ұлғайтылды, киберқауіпсіздік мәдениеті артты, «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілеріне тәулік бойы мониторинг қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, қажетті нормативтік құқықтық база қалыптастырылды, оның ішінде «электрондық үкімет» объектілері мен ақпараттандырудың аса маңызды объектілері үшін талаптар белгіленді, бұл ретте киберқауіпсіздік жөніндегі талапты елемеген жағдайда тиісті тексерулер жүргізіледі.

Тұжырымдаманы іске асыру бойынша өткізілген іс-шаралар кешені БҰҰ-ның жаһандық киберқауіпсіздік рейтингінде оң көрініс тапты, онда Қазақстан 103-тен 31-орынға көшті.

Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың ықпалы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес мемлекет, ұйымдар, азаматтық қоғам қызметінің барлық салаларында күшейтілетінін түсіне отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен киберқауіпсіздік саласын цифрлық трансформациялау және дамыту тұжырымдамасының 2023-2029 жылдарға арналған жобасы жекелеген салалармен әзірленіп, онда мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ киберқауіпсіздікті дамыту бағыттары айқындалды.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ҚАЗАҚСТАН КИБЕРҚАЛҚАНЫ» ЖОБАСЫ – АҚПАРАТ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАУ ЖОЛЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «TURAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТЫЛЫП ЖАТЫР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі