Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ : КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН САҚТАУ

21 мая, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ : КИБЕРҚАУІПСІЗДІКТІ НЫҒАЙТУ – ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫН САҚТАУ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ғаламтор ғасырының дамуымен қарулы күштердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі де өзекті бола түсті. Өйткені қазіргі таңда түрлі тәсілдерді жетік меңгерген хакерлер кез келген сәтте кибершабуыл жасауы мүмкін. Сол себепті мұндай көрінбейтін жаудан қорғану үшін әлем елдері түрлі бағдарламаларды қолға алып жатыр. Осы орайда, Түркістан облысы тұрғындарына бірнеше жыл бұрын «Қазақстан киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасын қабылдағаны және бүгінгі күні киберқауіпсіздік күллі әлем маңызды мәселе екенін айта кетіп, аз-кем ақпараттарды бөлісуді жөн санаймыз. Себебі технология қарыштап дамыған сайын хакерлер жеке адамдардың деректеріне ғана емес, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына да шабуыл жасай бастады. Бұл ретте Қазақстан да киберқауіпсіздік мәселесіне ерекше назар салуда. Киберқауіпсіздікті нығайту – ел тыныштығын сақтауда аса маңызды. Қорғаныс саласы, еңбек өнімділігі, өндіріс қуаты, үнем мүмкіндіктері киберқауіпсіздікпен тікелей байланысты. Сондықтан, бұл мәселеге алпауыт компаниялармен қатар шағын кәсіпорындар да жіті назар аударуы тиіс. Сала мамандары осы тақырып бойынша түрлі жиындар мен басқосулар өткізіп, міндеттерді нақтылауға атсалысуы керек. Мемлекет басшысы да биылғы Жолдауында киберқауіпсіздік мәселесіне баса назар аударып, цифрлық технологияларды енгізу барысында ақпараттық қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырды. Алдағы міндеттер аясында Елбасы киберқауіпсіздік шаралары Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясында көрініс табуға тиіс екенін атап өтті.

Осы орайда өңір халқының кибералаяқтарға арбалып, қомақты қаражатқа алданып жатқан жағдайлары бары өтірік емес. Бұл мақалада сондай жағдайларды аз-кем ақпарат түрінде ұсынып отырмыз. Түркістан облысында «Кәсіпкерлік палатадан 1 200 000 теңге ақша алып беремін» деп алаяқтық жасаған әйел ұсталды. Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Азаматшаның айтуынша, оның танысы «Бизнес бастау» кәсіпкерлік палатадан қайтарымсыз 1 200 000 теңге ақша алып беремін деп, 710 000 теңге ақша алып кеткен. Ол 1 жылдан аса уақыт өтсе де, уәде орындауды созбалаңға салған. Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары қажетті шараларды жүргізді. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, қылмысқа қатысы бар күдікті, яғни  жергілікті тұрғын полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп, оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтауда. Сезіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. ​

Алдыңғы жаңалық

«TURKISTAN» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ИНЖЕНЕРЛІК ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЦИФРЛАНДЫРУ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ 18 МЕКЕМЕ СЕНБІЛІК ЖҰМЫСТАРЫНА АТСАЛЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі