Түркістан облысында 2023 жылы интернет-алаяқтық бойынша 567 іс тіркелген. Оның 219-ы сотқа жолданған. Интернет-алаяқтыққа қарсы облыстық Полиция департаменті базасында «CyberPol» тобы құрылған. Құрамында 6 жедел уәкіл, 3 тергеуші, 1 криминалист және 1 ІТ-маман жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 25 ақпандағы жағдай бойынша тізілімге 56 отандық өндірушілердің 173 АКТ өнімі (оның ішінде бағдарламалық қамтамасыз етудің 45 түрі және электронды өнеркәсіптің 128 атауы) енгізілді. өнімдер). Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында жоғары сапалы кәсіби қызмет көрсету нарығын дамыту мақсатында 26 жеке жедел ақпараттық қауіпсіздік орталықтары құрылды.
— «CyberPol» соққы-нысаналы тобы қызметкерлерімен жүргізілген жүйелі іс-шаралардың нәтижесінде 67 қылмыскер құрықталып, олардың 113 интернет-алаяқтық қылмыстарға қатыстылығы дәлелденді. Соның бірі 2003 жылы туған Атырау қаласының тұрғыны. Аталған азамат әлеуметтік желілерде бірнеше жалған аккаунттар ашып жәбірленушілерден арзан бағада жиһаз жасауға тапсырыс алып, Түркістан облысының 10 тұрғынына алаяқтық жасаған. Нәтижесінде жәбірленушілерге 5 млн. теңгеден астам шығын келтірген. Қазіргі таңда күдікті тұлғаға қатысты іс сотқа жолданды,- деді Ердәулет Дарханұлы.
Сондай-ақ, спикер интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін қауіпсіздік шараларымен таныстырды. Олар: төлқұжаттық және өзге де дербес деректерді бейтаныс адамға айтпау; банк карталарының нөмірлерін, пин-кодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді бермеу; жарнамадағы ақпаратты мұқият және толық оқып шығу; кез-келген ұсыныстарға сын көзбен қарау; тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу; белгісіз адамдарға ақша аудармау; күмәнді шарттар мен мәмілелер жасамау; банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу; өз құжаттарыңызға қолжеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау.
Сонымен қатар, 2023 жылдың қорытындысымен облыс аумағында жалпы 5 074 қылмыс тіркелсе, оның 18,1 пайызы – ұрлыққа қатысты. Профилактикалық бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде ұрлықтың саны 2022 жылмен салыстырғанда 34,3%-ға төмендеген. Ұрлық қылмыстарын ашуға бағытталған жедел іздестірудің нәтижесінде 27 қылмыстық топ құрықталып, кінәлі азаматтардың 106 ұрлық қылмыстарына қатыстылығы анықталады.