Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН: КИБЕРҚАУІПТІҢ АЛДЫН АЛУ – ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ЖЕДЕЛ ҚЫЗМЕТІ

29 октября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: МАҢЫЗДЫ МАҚСАТ — ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының тұрғындарының назарына супер интеллект жөнінде ақпараттарды ұсынамыз. Жасанды интеллект робототехника, компьютерлік көру, табиғи тілді өңдеу, автоматты жоспарлау сияқты әртүрлі салаларда кеңінен қолданылады. Жасанды интеллектіні мамандануы бойынша әлсіз, күшті және супер деп жіктейді. Әлсіз жасанды интеллект нақты қарапайым мәселелерді шешуге арналған және жалпы интеллектке ие болуға ұмтылмайды. Ал, қарқынды дамып келе жатқан күшті жасанды интеллект қоршаған ортаны қабылдай алатын, адамдарға ұқсас автономды шешім қабылдай алатын жүйе. Супер интеллект – адамнан қабілеті жоғары интеллект. Ол жетілдірілген ойлау, дәлелдеу, пайымдау, қарым-қатынас және оқу қабілеттерінің арқасында адамның міндеттерін жақсы орындай алады. Бұл керемет және қорқынышты естіледі, бірақ олар әлі жасалған жоқ.

Елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау саласында жасанды интеллект қолданыла бастайды. Қазір елдің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары және цифрлық трансформация тұжырымдамасы сияқты стратегиялық жоспарларында жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі міндеттер айқындалған.

– Құжаттар осы саладағы зерттеулерді, әзірлемелерді практикалық қолдануды ынталандыруға, бизнес пен жоғары оқу орындарына технологиялық инфрақұрылым мен деректер базасына қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған. Жасанды интеллектінің дамуы – шығармашылық бағытта жүруі маңызды. Сондықтан этикалық стандарттарды белгілеуге, деректерді қорғауға және осы саладағы киберқауіптердің алдын алуға ерекше назар аудару керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жасанды интеллекттің жетілдірілген әдістері машиналық оқытуға, терең оқытуға және нейрондық желілерге негізделген. Олар жүйелерге үлкен көлемдегі деректерді талдауға, үлгілерді анықтауға және болжамдар жасауға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллектіні дамыту тек озық технологияларды ғана емес, ғалымдардың, инженерлердің және басқа да мамандардың ынтымақтастығын қажет етеді. Адамның интеллектісі мен жасанды интеллектінің интеграциясы ең пайдалы және инновациялық нәтижелерге әкелуі мүмкін. Сондықтан зерттеуді жалғастыру және оны қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес дамыту маңызды, ол біздің өмірімізді жақсартудың пайдалы құралына айналады.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: ІТ МАМАНДАР ДАЯРЛАУДЫҢ ДАҒДЫЛАРЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі