Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» НЕГІЗГІ БЕС БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

21 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: «ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН» НЕГІЗГІ БЕС БАҒЫТ БОЙЫНША ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстанда цифрлық жүйеге көшу жолында түрлі шаралар атқарылып жатыр. Қазақстан заман талабына сай болып, әлемдегі өте жылдам жүріп жатқан IT саласындағы өзгерістер Қазақстан Республикасын сандық жүйеге көшуге мәжбүрлейді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі былтыр 12 желтоқсанда  № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының ең басты мақсаты — цифрлық технологияларды қолдану мен жетілдіру арқылы  Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілетті ету және Қазақстан халқының өмір сапасын жақсарту.

«Цифрлық Қазақстан» жобасын іске асыру екі бағытпен жасалады деп жоспарлануда. Оларға жеке-жеке  тоқталып өтетін болсақ, орташа мерзімді болашақта «Қазіргі экономиканы цифрландыру». Екінші бағыт —  ұзақ мерзімді келешекте «Болашақтың цифрлық индустриясын құру» жоспары бар.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жоспарланған жүз жиырма іс-шара цифрлік саланың экономиканың тың саласы ретінде іргетасын қалап, өзекті бес бағыт бойынша іске асырылатын болады. Ол бес бағытты атап өтейік:

Бірінші бағыт: «Экономика салаларын цифрландыру».

Екінші бағыт: «Цифрлық мемлекетке көшу».

Үшінші бағыт:  «Цифрлық жібек жолын іске асыру».

Төртінші бағыт: «Адами капиталды дамыту».

Бесінші бағыт: «Инновациялық экожүйені құру».

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан іс-шаралар қорытындысы ретінде Қазақстан Республикасының экономика салаларындағы еңбек көрсеткіштерінің өсімінен басқа, 2022 жылға дейін электрондық сауда-саттықты жалпы сауда-саттық көлемінің 2,6% дейін өсіру, цифрландырудың арқасында 300 000 жаңа жұмыс орындарын өсіру, интернет желісін қолданушылар үлесін 82% дейін, ал халықтың цифрлық біліктілігін 83% арттыру жоспарлануда.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы тұрғындары өмірінің барлық салаларын қамти отырып, мемлекетіміздің әрбір азаматының өмір сүру деңгейін көтеруді мақсат тұтқандықтан бағдарлама пайдасын халық, кәсіпкерлік субьектілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары байқайды. Алдын-ала нақты есептеу бойынша 2025 жылға қарай экономиканы цифрландырудан болатын тікелей әсер  1,7 — 2,2 триллион теңге соммасында қосымша баға жасауға жағдай туғызады.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында алға қойған бәсекелестігі жоғары, дамыған 30 мемлекет қатарына 2050 жылға қарай енуіне мүмкіндік беретін маңызды фактор болуы әбден мүмкін.

«Қамшы» сілтейді

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: БИЫЛ САЛАЛАРДЫ ЦИФРЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА 30-ҒА ЖУЫҚ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІҢ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі