Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫН ҚОЛҒА АЛУДА

21 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖАҢА ЖОБАЛАРЫН ҚОЛҒА АЛУДА
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Байланыстың ғарыштық жүйесінің ұлттық операторын бәсекелестік ортаға беру жоспарланып отыр.

“Байқоңыр” кешені бойынша VII үкіметаралық комиссияның соңғы отырысы осыдан екі жыл бұрын, 2021 жылғы 13 желтоқсанда өтіпті. Оған төрағалық еткен Қазақстан Үкіметі басшысының орынбасары Роман Скляр мен Ресей Премьер-министрінің орынбасары Юрий Борисов космонавтика саласындағы екі елдің ынтымақтастығының перспективасы туралы көптеген жақсы сөздер, жағымды болжамдар айтқан еді.

Мысалы, Байқоңыр қаласының және оның тұрғындарының тіршілік деңгейін жақсартатын тұтас шаралар кешенін әзірлеу қарастырылды. “Байқоңыр” кешенін бірлесіп одан әрі дамытудың жөн-жосығы пысықталды.

Сондай-ақ Үкіметаралық комиссия мүшелері ескірген кеңестік “Байқоңыр” ғарыш айлағын болашақта ауыстыратын жаңа “Бәйтерек” ғарыштық зымыран кешенін салудың бірлескен жобасына ерекше назар аударды. Оны тұрғызуды аяқтап, сол арқылы зымырантасығыштарды ұшыра бастауға кірісуге мүмкіндік беретін шаралардың тізбесі мен оны жүзеге асырудың нақты мерзімдері белгіленді. Кешен мүлкін ұтымды пайдалану, инфрақұрылым мен әлеуметтік саланы жаңғырту міндеттері де қарастырылды.

Келесі жылы Ресей мен Украина арасында соғыс өрті тұтанды. Батыс оған қарсы қаптаған санкция енгізді. Ғарыш саласы Ресей Үкіметінің басымдығына ие болған салалар сапынан тыс қалды. “Бәйтерек” ғарыштық зымыран кешенін салу жобасы кем дегенде 2025 жылға дейін кері шегерілді. Нақтылағанда, биыл өтуге тиіс болған “Бәйтеректен” алғашқы зымырантасығыштың ұшырылым сынағының мерзімі әрі жылжытылды. Тараптар осы жаңа ғарыш кешенінен ұшырылатын, жаңғырған “Союз-5” зымырантасығышы мен жерүсті кешенін жасау жұмыстарының кестесін де қайта қарауға мәжбүр болды.

Байқоңырлық тұрғындардың тұрмысы, тыныс-тіршілігі нашарлап кеткенін, ресейлік әкімшілік қаржыландыруды шектегенін мәселе етіп көтеруде. Осылайша, көршінің космонавтикасы тоқырады.

Алайда бұл Қазақстан үшін де ғарыш саласы мән-маңызын жойғанын білдірмейді. Керісінше, сарапшылардың байламынша, бұл саланың елге әкелер игілігі зор, ұсынар мүмкіндігі мол.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ: ҒАРЫШТЫҚ ЖҮЙЕНІ ТЕЛЕХАБАРЛАРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖОСПАРДА

Келесі жаңалық

ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ ҒАРЫШ КЕҢІСТІГІН ИГЕРУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі