Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МЕДИЦИНА ТУРИЗМІН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ

1 сентября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІ МЕДИЦИНА ТУРИЗМІН ДАМЫТУҒА НИЕТТІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

           Түркістан қаласындағы медициналық нысандардың жағдайы өте төмен деңгейде екендігі белгілі. Негізгі нысандар Шымкент қаласында қалды. Осыған байланысты медицина саласына баса назар аударылып, бірқатар жобалар қолға алынды.

          Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, 2020 жылы Түркістан қаласын дамыту мен 161 нысанның құрылысына мемлекет бюджетінен 124,2 миллиарда теңге бөлінді. мәдени-рухани орталық аумағындағы ғимараттардың басым бөлігі шығыс стилінде жасалған.
Қала халқы 2018 жылы 165 мың адамды құраса, қазір – 176,2 мың адам тұрады. Бас жоспарға сәйкес, 2025 жылға – 250 мың адам, 2035 жылға – 350 мың адам және 2050 жылға – 500 мың тұрғын жоспарланған.

         Негізгі медициналық нысандардың Шымкентте қалуы Түркістанда бұл салаға ерекше көңіл бөлу керегін аңғартты. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, жеке меншік әріптестік тәсілімен 570 орындық медицина орталығы салынып жатыр. Бұл әлемдік деңгейдегі госпиталь болады деп жоспарланып отыр екен.

        «Онда цифрлық технологиялар, заманауи қондырғылар болады. Нысан келесі жылдың ортасында тапсырылады. Сонымен қатар, 200 орындық инфекциялық аурухана іске қосылады. Араб инвесторларының қаржысына ана мен бала орталығының құрылысы басталды. Түрік әріптестерімізбен халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы емхананы жаңартып, оны әлемдік деңгейге жеткізу туралы келісімге келдік. Олар мекеменің қондырғыларын жаңартып, кадрлармен көмектеседі. Медицина саласында үлкен серпіліс болады» дейді аймақ басшысы.Ол медициналық нысандардың барлығы іске қосылғанда, Түркістан медициналық туризмнің де орталығына айналатынына сенімін білдіріп отыр.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА «ДЕНСАУЛЫҚ ЖОЛЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ.

Келесі жаңалық

7-СӘУІР «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ»

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі