Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 ІРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

1 сентября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 6 ІРІ МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНАДЫ

default

0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан өңірінде медициналық инфрақұрылымды жақсартуға баса назар аударылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

– Өңірдегі медициналық ұйымдарда 5,5 мыңнан астам дәрігер және 19 мыңнан астам орта буынды қызметкер халыққа қызмет көрсетеді. Медициналық жабдықтармен қамту деңгейі 84 пайыздан асып, жоспар толығымен орындалды. Нәтижесінде, негізгі ауру-жітім көрсеткіші төмендеді. Биыл 14 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Сарыағаш қаласында перинаталдық орталығы бар заманауи медициналық кешен құрылысының жобасы әзірленуде. Келесі жылы құрылысы басталады. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауылдарда 49 жаңа нысан салу жоспарланып отыр, – деді Дархан Сатыбалды.

Өткен жылы өңірде 31 нысанның құрылысы жүргізіліп, 16-сы пайдалануға берілді. Оның ішінде емхана – 1, жедел жәрдем станциясы – 1, ФАП – 3, медпункт – 11. Биылға қосымша 14 нысан тапсырылуда. Оның 4-і –дәрігерлік амбулатория, 10-ы – ФАП. Облыс бойынша құны 185 млрд. теңге құрайтын 6 медициналық нысанның құрылысы жоспарлануда. Түркістан қаласында 570 орындық көпбейінді аурухана, облыстық балалар ауруханасы, «Ана мен бала» орталығын, сондай-ақ, Ордабасы ауданында перинаталдық орталық салынбақ.

Аталған 570 төсек орындық көпсалалы ауруханасы бойынша құрылыс жұмыстары 2020 жылы басталып, түркиялық инвестор «YDA Holding» есебінен соғылуда. 2023 жылдың сәуір айында жобалау-сметалық құжаттамаға оң қорытынды алынды. Қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне көпсалалы ауруханасын салу бойынша бизнес-жоспар ұсынылды. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 40% аяқталды. 2024 жылдың соңында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.

Түркістан облысы бойынша 749 медициналық мекеме елге медициналық қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда бейінді мамандарға тапшылық байқалуда. Осы мәселені шешу үшін биыл облыс есебінен бейінді мамандарды оқытуға, резидентураға 60 грантқа қаржы бөлінді. Сонымен қатар ауылға келген жас мамандарға әлеуметтік көмек ретінде 1,5 млн. тг. төленуде. Бүгінгі таңда ауылды жерге барған 21 жас маманға әлеуметтік көмек берілген.

Алдыңғы жаңалық

7-СӘУІР «ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ КҮНІ»

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖАҚСАРҒАН

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі