Воскресенье, 6 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР МЕКТЕПТЕН 50-ГЕ ЖУЫҚ ДӘРІГЕР ШЫҚҚАН

1 октября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БІР МЕКТЕПТЕН 50-ГЕ ЖУЫҚ ДӘРІГЕР ШЫҚҚАН
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы Келес ауданына қарасты №28 «Мақташы» жалпы білім беретін мектебінен 1933 жылдан бері 50 дәрігер шыққан. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыс әкімдігінің Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап хабарлайды. №28 «Мақташы» мектебінде білім алғандардың қатарында жаңа туған нәрестелерге ота жасайтын Қазақстандағы санаулы кардиохирургтың бірі Беркін Туркулов, елімізге танымал Сарыағаш ауданындағы емдік шипажайлардың бірінің бас дәрігері Мұстафа Бурабаев, білікті УДЗ дәрігері Артықбек Керимбердиев, Жезқазған қалалық ауруханасында істейтін онестезиолог-реаниматолог Илес Нұрғазы, оториноларинголог Еркеғали Асанов бар. Сондай-ақ тағы басқа білікті дәрігерлер еліміздің түкпір-түкпірінде медицина саласында қызмет атқарып жүр. «Жүз жылға жуық тарихы бар мектептен дәрігерлер ғана емес елімізге қызмет еткен азаматтар да оқыған. Олардың қатарында Лениншіл Рүстемов, Қайыпберді Ерназаров, Рәтбек қажы Нысанбаев, Жорабай Тәжібаев, Ілес Садықов, Шахыдин Қасымбеков, Ақберді Асабаев, Болатбек Анарбаев, Нұрқұл Жұмағұлов, Әбдіғани Қасымбеков, Гүлия Қасымбекова сияқты мектеп түлектерімен мақтанамыз. Білім ошағында тәжірибелі педагогтар сабақ береді. Шынында мектепте медицина саласын таңдаған оқушылар да көп», — деді мектеп директорының орынбасары. Айта кетейік, қазіргі таңда аталған білім ордасында 600-ден аса оқушы білім алады. Сондай-ақ 78 мұғалім сабақ береді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАУҒА 139 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі