Түркістан қаласы тұрғындарына 9 емхана, 1 мемлекеттік, 2 жекеменшік аурухана,қалалық орталық аурухана және қалалық балалар ауруханасы, сонымен қатар перинатальдық орталық пен облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы қызмет көрсететеді. Рухани шаһарда жыл басынан бері 2061бала туылып, табиғи өсім 9,5 құрап отыр. 1 жасқа дейінгі балалар өлімі 13 баладан 6 балаға дейін төмендеп, жақсы көрсеткішті құрап отыр.
Нұрбол Тұрашбеков-Түркістан қаласының әкімі
Cіздердің еткен еңбектеріңізге қала халқының атынан алғыс білдіргім келеді. Мемлекетіміздің басты байлығы адам болатын болса, сол адамдарымыздың денінің саулығын амандығын ең бірінші кезекте сіздердің арқаларыңызда. мемлекет тарапынан қаншама игі іс-шаралар жасалуда. Оның дәлелі ретінде жыл өткен сайын қаншама біздің ғимараттарымыздың жаңартылуы. Ай сайынғы сіздердің ізденістеріңіздің арқасында қаншама құрал жабдықтарымыздың жаңартылып жатқаны. Оның барлығы сіздер үшін, сіздердің аиқарған жұмыстарыңыз үшін.Ол біздің қала халқы , мемлекетіміздің тұрғындары үшін деп білемін.
Қалада өкпеқұрты аурушаңдығы төмендеген.Туберкулезбен ауырғандар 11 адамнан 8 адамға дейін азайған. Онкологиялық дерттер алғашқы сатыда анықталып жатыр. Соның нәтижесінде өлім көрсеткіші төмендеген, атап айтқанда 15-тен 10 көрсеткіш ке төмендеген.
Бекзат Берденов- Түркістан қалалық орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы
Бүгінгі күні Түркістан орталық ауруханасында 345 төсек орын, 45 күндізгі стационар төсек орыны бар. Жалпы қызметкерлер саны бүнінгі таңда 450 адамды құрайды шамамен. Сіздер білесіздер қазіргі таңда медицина саласына көптеген көңілдер бөлініп жатыр. Қазіргі айта кететін ең маңызды мәселе облыстық Қоғамдық денсулық басқармасының басшысы марат Орынбасаровичтің арқасында Қазақстанға әйгілі болған 2 мекемеміз бар. Бұлар республикадағы ең үлкен, ең жақсы ауруханалар номинациясын алып отыр, және ең күшті облыстық перинаталдық орталық.
Осы жиында өз еңбегімен ерекшеленген 20 медицина қызметкер марапат биігінен көрінді. Оларға қала әкімінің алғысхатымен сый-сияпат берілді.
Гүлзат Нуруллаева — Түркістан МӘМС қорының бас сарапшысы
Жалпы пандемия кезінде денсаулықтың құндылығын көпшілік білді. Медицина саласы қазір жақсы дамып жабдықталу жағынан, жалпы медицинаға өте көп көңіл бөлініп жатыр халық тарапынан мемлекет тарапынан.
Жиында осы саланың ардагерлері де қалыс қалмады. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков оларға да арнайы сыйлықтар берді.
Бахадыр Хабиболаев- көз дәрігері
Түркістан ауданында 1964 жылдан бері істеймін 54 жыл болды менің істегеніме.Мен көп жылдар осы Түркістан ауданының денсаулық саласының бастығы болып істедім. Біздің іс бастаған кезімізбен қазіргі жағдайды салыстырып болмайды. Онда дәрігердің қолында фаннендоскоп пен кішкентай құрал-жабдықтары болса қазіргі кезде қандай технология.Жақса технология орнап жатыр. Дұрыс па? Жұмыстың сапасы жақсыланып жатыр.
Жиын соңы концертік бағдарламаға ұласты. Осылайша мерейі үстем болған дәрігерлер шат-шадыман көңіл -күймен тарқады.



