Воскресенье, 6 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

БАС ДӘРІГЕР ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

1 октября, 2024
in Uncategorized
0
БАС ДӘРІГЕР ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшысы Асхан Мархабайұлы Түркістан қалалық орталық ауруханасын  аралады. Аурухананың қабылдау бөлімшесінің триаж-жүйесімен, ота бөлімі, хирургия және терапия бейінді бөлімдер мен инсульт орталығы жұмысын көрді.

Аурухананы аралау барысында Асхан Байдуәлиев мекеменің медициналық жабдықтармен жабдықталуын қарап шықты. Атап айтқанда,  КТ аппаратының жұмысы мен техникалық сипаттамалары және заманауи жылжымалы ангиограф аппаратының мүмкіндіктерімен танысты.

Басқарма басшысы аурухана ұжымымен кездесу барысында қала тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсету бойынша алдағы уақытта жоспарланған мәселелер туралы айтты. Сондай-ақ ұйым менеджментінің тиімділігін арттыру, жаңа технологиялар мен жұмыс әдістерін енгізу қажеттілігін және еңбекақы төлеу, өңірге келген жас дәрігерлерді әлеуметтік қолдау мәселелері туралы атап өтті.

Мекеме басшысы Бекзат Берденов ауруханада хирургиялық араласудың негізінен басым көпшілігі аз инвазивті әдіспен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталғанын және жоғары технологиялық медициналық көмек (ВТМП) бойынша хирургия, урология, ангиохирургия, оториноларингология бейіндері бойынша оталар жасалатыны туралы баяндады. Сонымен қатар, аурухана дәрігерлерінің Түркия, Ресей және Израиль мемлекеттерінің жетекші медициналық орталықтарында біліктіліктерін арттырғанын және биылғы жылы да жоспар бойынша өзінің жалғасын табатынын мәлімдеді.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысы А.Байдуәлиев аурухана басшысының көтерген мәселелерінің толықтай қолдайтындығын және қаржылай шешуге барлық мүмкіндік жасайтындығын жеткізді.

Кездесу соңында медицина қызметкерлеріне қала тұрғындарына қолжетімді және сапалы стационарлық медициналық көмек көрсетуге қосқан үлестері үшін алғысын білдірді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН : МЕДИЦИНА САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНАСЫ ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАМУДА

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі