Воскресенье, 6 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ЕСЕП БЕРДІ

1 октября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАНДА ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫ ЕСЕП БЕРДІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев 2018 жылға атқарылған жұмыс есебі жайлы баспасөз мәслихатын өткізді.
Соңғы мәліметтерге сәйкес, Түркістан облысында 2 миллионға жуық халық тұрады. Халыққа медициналық көмекті 30 ауруханалық ұйымдар, санаторийлер мен жедел медициналық көмек станциясы көрсетеді.
2018 жылдың ішінде Түркістан облысы бойынша БМСК келіп қаралушылар 8 739 991 адамға жетті, бұл облыстың 1 тұрғынына шаққанда  4,7 қабылдауды құрайды. Жалпы БМСК учаскелерінің саны 1119, оның ішінде 783 жалпы тәжірибе дәрігерлерінің учаскелері, 127 терапевтік, 209  педиатриялық учаскелер.
Стационар алмастырушы технологияларды ендіру және дамыту жалғасуда: күндізгі стационары бар БМСК ұйымдарының төсек-орын саны 1494-ден 1584 дейін көбейді. Аурухана ұйымдарының күндізгі стационарларында емделіп шыққан науқастар саны 59 321.
Урбанизацияға және экономикалық нарықтық қатынастарға байланысты аурулардың әртүрлі топтарының өсуі мен таралуы байқалады. БМСК деңгейінде басымдықты және негізгі ауруларды басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ауруларды басқару бағдарламасы (бұдан әрі – АББ) енгізілуде. Ағымдағы жылы Түркістан облысының 25 БМСК ұйымдарында үш нозология бойынша Ауруларды басқару бағдарламасы енгізілді.  АББ – нда қатысуға АГ, созылмалы жүрек функциясының жеткіліксіздігі (ХСН) және 2 типті қант диабеті диагнозымен 27 743 пациентпен шарт жасалды.
2018 жылы Кентау, Сайрам, Сарыағаш аудандарында 3 инсульттік орталықтар ашылып, облыстық бюджет есебінен 1 млрд. теңгеге 3 дана компютерлік томографтар сатып алынды.
Клиникалық диагностикалық зертханалық қызметтер сапасын жақсарту, құрал-жабдықты және медициналық мақсаттағы бұйымдарды, кадрлық әлеуетті ұтымды пайдалану үшін Леңгір және Кентау қалаларында емханалар мен ауруханаларының зертханалары орталықтандырылды.
Компьютерлік роботталған нейрохирургиялық жүйе орнатылып, омыртқада орналасқан жүйке жүйесінің ауруларын емдеуге қолданылуда. Қазақстанда алғаш рет Витилиго орталығы ашылып, Витилигоны жаңа хирургиялық  әдіспен емдеу еңгізілді.
Стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде триаж жүйесі орнатылды. Жедел медициналық көмек қызметінде «Көмек» автоматтандырылған басқару жүйесі енгізілді. Барлық машиналар GPS навигациямен қамтамасыз етілген.
Халыққа уақтылы және сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында БМСК ұйымдарының шұғыл кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуде сабақтастығын және қатысуын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.
Осылайша ҚР ДСМ 03.07.2017ж. №450 «Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығын орындау үшін бүкіл Түркістан облысында аудандық БМСК жанында жылдамдықтың 4 санаты бойынша Шұғыл медициналық көмек бөлімшелері ұйымдастырылды, олар GPS навигация орнатылған  санитарлық автокөлікпен қамтамасыз етілген.
Түркістан облысы бойынша стационарлардың қабылдау бөлімшелерінде триаж жүйесі орнатылды. Шұғыл көмек көрсету бойынша BLS, ACLS, PALS, PHTLS халықаралық стандарттарға жедел жәрдем қызметкерлері, оның ішінде 189 дәрігер, 743 фельдшер оқытылды. Сондай-ақ, «Санитарлық автокөлікті қауіпсіз жүргізу» циклы бойынша 564 жүргізуші оқытылды.
Қоғамдық денсаулық сақтау саясатын жүргізу үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасында құрылып, жұмыс істеуде.
Жалпы облыстың халық денсаулығын сақтау мақсатында сауаттандыру, салауатты өмір салтын насихаттау барысында 118 964 іс-шара өткізіліп, 576 696 адам қамтылды.
Халықты иммунизациялау ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес жүргізіліп, халықтың декреттелген топтарын профилактикалық егумен қамту  көрсеткіші оңтайлы 95,0% құрады.
Бірқатар әлеуметтік маңызы бар аурулардың (қатерлі ісіктер, қанайналым жүйесінің аурулары, глаукома) алдын-алу мақсатында жүргізілетін скринингтік тексерулерден 578968 адам өтіп, қамту көрсеткіші 78,8% құрады.
Ана мен бала денсаулығын қорғау, жіті миокард инфаркті, жіті ми қанайналымы бұзылысы, қатерлі ісіктер, жазатайым  оқиғалар бойынша Жол картасы жүзеге асырылуда.

2018 қорытындысы бойынша ана өлімінің көрсеткіші 35,6 % — ға төмендеді.
Барлық жағдайлар бойынша талдау жүргізіліп, ана өліміне жол бермеу мақсатында жүйелі шаралар қолданылды.
Нәресте өлім-жітім көрсеткіші 8,6, (2017ж. 12 ай – 9,5) құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 9,5 пайызға төмендеді.

Ана мен бала денсаулығын қорғау жол картасы аясында:
1) Ақсукент, Кентау, Сарыағаш, Бәйдібек, Ордабасы, Жетісай, Түлкібас перзентханаларында маман және материалдық-техникалық ресурстарын жоғарылатып II-ші деңгейде көрсетілетін көмекке қолжетімділігі артты;
2) Республикада алғаш рет жүйке аурулар паталогиясымен 0-3 жасқа дейінгі балаларға оңалту орталығы ашылды.

2018 жылдың 12 айында 46652 бала туылды. 2017 жылдың осы кезеңінде дүниеге келген сәбилер саны — 45006 болған.
Облыста ана мен бала өлімін төмендету мақсатында бір қатар жұмыстар жүргізіледі.
Республикалық ғылыми орталықтарымен және облыс әкімдігімен келісілген ана мен нәрестелер өлім-жітімін төмендету бойынша іс-шаралар жоспары әзірленген.
4 тренинг (3 ОПО және ОБА) орталықтарының базасында медицина қызметкерлерін каскадтық әдіспен үздіксіз оқыту өткізіледі.
Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші – 46,3 (2017ж. 12 ай  — 49,7) құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8 пайызға төмен.

Жол  картасы аясында:
1) Облыстың БМСК ұйымдарына 50 онкологиялық және 49 маммологиялық кабинеттер ұйымдастырылып, жұмыс істеуде;
2) Науқастарға стационарлық көмекті жылдам көрсету үшін шұғыл әрекет етуге SOS жүйесі ендірілді.

Қан айналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім – 119,1 (2017ж. 12 ай – 131,4) құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда  9,4 пайызға төмендеді.

Жол картасы аясында:
1) Тромболитикалық терапия – 152 науқасқа қолданылды;
2) Сайрам, Сарыагаш аудандарында және Кентау қаласында  инсульт орталықтары ашылды;
3) Облыстағы қажетті кардиохирургиялық оталарды орындау мақсатында кардиохирургиялық 12 төсек орын ашылып,  барлығы 30 төсек орынға жеткізілді.
Жол қартасы аясында:
1) аудандардың БМСК жанында қосымша 5 жедел жәрдем бригадасы ашылды.

Туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші – 1,6 (2017ж. 12 ай – 2,0) құрады, көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға төмендеді.

Облыстың барлық медицина ұйымдарында ішкі аудит қызметі жұмыс жасайды. 2018 жылғы 12 айда медициналық қызметтің сапасы бойынша жалпы 797 (2017ж. 12 ай – 1151) арыз тіркелді, Өткен жылмен салыстырғанда 69,2% төмендеген. Сонымен қатар, халықтың арыз-шағымдарын қоңырау арқылы өңірлік бірыңғай медициналық Call-орталығы қабылдайды.
Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютордың 2018 жылға арналған тізімі бойынша, соның ішінде  ұзақ мерзімді шарттар, тікелей келісімшарттар, орфанды препараттар, тендер бойынша барлығы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету шеңберінде 424 атау бойынша тапсырыс жолданған. Облысымызға 386 атау мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша сатып алынып (95%), облысымыздағы емдеу мекемелері үшін 8 179 млн. теңгеге жеткізілді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі бойынша облыс әкімінің өкімімен «Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру» бойынша штабтың жаңа құрамы бекітілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ОҚО филиалы, Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлесе 2018 жылға «Бірыңғай байланыс жоспарын» бекітті.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды ендіру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары барысында 2018 жылдың басынан 1 125 766 адам қамтылды, 718 кездесу, 71 812 әңгімелесу өткізілді және 270 615 мыңнан аса ақпараттық материалдар (буклет, парақша және т.б.) таратылды.
«Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау» бағдарламасының бойынша 2018 жылға облыстық деңгейде 4939 мамандар біліктілігін арттырды, оның ішінде 111 маман шет елдің клиникаларында білімін жоғарылатып, тәжірибие алмасты. (Белорус-1, Ресей-82, Корея-17, Израиль-2, Өзбекістан-9).

Сонымен қатар мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында 2019 жылға Новосибирск мемлекеттік медициналық университеті мен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы арасында меморандум түзілді.
Облыста мамандықтар бойынша дәрігер тапшылығы саны – 135 (жалпы тәжірибиелі дәрігер, анестезиолог-реаниматолог, терапевт, акушер-гинеколог, педиатр, дәрігер-лаборант), (2017 жылы – 195).
Бұл мәселені шешу мақсатында облыстық мәслихаттың 27.06.2017ж. №13/154-VI «Оңтүстік Қазақстан облысының ауылдық жерге жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесі туралы» шешіміне сәйкес, 01.01.2018ж. бастап шалғай ауылдар мен елді-мекендерде жұмысқа орналасқан денсаулық саласындағы әр маманға бір реттік 1 000 000 (бір миллион) теңге төленеді және қазіргі таңда ауылды жерге  2018 жылы 89 жас маманға (жалпы тәжірибелі дәрігер, хирург, терапевт, педиатр, кардиолог, акушер-гинеколог) жолдама беріліп, әлеуметтік  төлемдермен қамтамасыз етілді.
2018 жылғы наурыз, сәуір айларында облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің, медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерінің және түлектердің қатысуымен жоғары оқу орындарында Оңтүстік Қазақстан фармацевтика академиясы, Қ.А.Яcауи атындағы халықаралық қазақ-түрік, Астана медицина, Семей медицина, Қарағанды медицина университеттерінде  бос орындар жәрмеңкелері өткізілді. Аталған іс-шаралар нәтижесінде 17 жас маман (стоматолог, жалпы тәжірибелі дәрігер, хирург, терапевт, педиатр, кардиолог, акушер-гинеколог) шалғай ауылдарға  жұмысқа орналасты.

2017 — 2018 жылдары аудандарда медициналық қызметкерлер баспанамен қамтамасыз етілді.

Ауылды жерге жұмысқа орналасқан 28 жас отбасы (Мақтарал, Отырар, Арыс, Шардара, «Абай» Келес ауданы, «Мырзакент» Мақтарал ауданы, Түлкібас ауданы, Ордабасы ауданы, Шардара ауданы)  баспанамен қамтамасыз етілді.

Денсаулық саласын ақпараттандыру бойынша қала және аудан орталықтары интернет желісімен 100% жасақталынған. Аудан орталығының шалғай елді — мекендері мен ауылдық округтерінде бұл мәселе 2021 жылға дейін шешіліп, (интернет жүйесі жеткізілген кезде) 100 пайызға қамтамасыз ету жоспарланған.
2018 жылы облыстық бюджет есебінен 5728 компьютер сатып алынды. Бүгінгі күнге медициналық мекемелерге барлық компьютерлер жеткізіліп, орнатылды. Осылайша компьютермен қамтамасыз ету көрсеткіші 64 пайыздан 100%-ға жеткізілді.
Түркістан облысында 38 медициналық ұйым медициналық ақпараттық жүйеге қосылған, яғни 100% қамтылған.
Түркістан облысы бойынша 1 798 660 (100%) электрондық денсаулық паспорттары жасақталды. 19 220 медицина қызметкерлері немесе 100% медициналық ақпараттық жүйеге оқытылған, 308 109 адам мобильдік қосымшаны пайдаланады. Осы көрсеткіштер нәтижесінде:
— Дәрігердің қабылдауында болғандар саны – 2 101 000;
— Электрондық медициналық жазулар саны – 2 250 481;
— Еңбекке жарамсыздық парағы электрондық нұсқада берілгені – 59 401.

Сонымен қатар, аудандық, қалалық емханаларда 20 цифрлық көмек посттары ашылып, онда 501 248 халық оқытылды.
Бірінші кезекте ана мен бала, жансақтау, ота жасау, жедел жәрдем қызметін күшейтуге және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсат қойылды.
Облыс бойынша медициналық құралдармен жабдықталу 65,75% — ды құрайды. Медициналық ұйымдардың  материалдық техникалық базасын нығайтуға үстіміздегі жылы 8,1 млрд.теңге бөлінді.

Денсаулық сақтау саласының ісін жақсарту үшін жүйелі шаралар жүргізілуде. 2017 жылы 3,8 млрд. теңгеге 33 денсаулық сақтау нысаны салынып (7 дәрігерлік амбулатория, 18 фельдшерлік-акушерлік пункт, 5 медициналық пункт,                 1 ауылдық емхана және емдеу мекемелеріне жапсарлас салынатын 2 нысан (Шардара 150 келушіге емхана, ОПЦ — 3 150 орындық стационар және 600 млн. теңгеге           20 модульдік құрастырылмалы-қаңқалы (медициналық пункт нысаны) сатылып алынған.
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестігі аясында облыс аумағында               32 ФАП құрылысын жүргізу үшін концепциясы, конкурстық құжаттамалары дайындалуда. Аталған 32 жобаның жалпы соммасы – 3,0 млрд. теңгені құрайды. 2019 жылға аталған жобалар бойынша келісім-шартқа отыру жоспарланған.
2018 жылы 4,3 млрд. теңгеге 11 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізіліп (2 қалалық емхана, 4 аудандық емхана, 2 ауылдық емхана, 2 дәрігерлік амбулатория, емдеу мекемелеріне жапсарлас салынатын 2 нысан) және 1,860 млрд. теңгеге 62 модульдік жиналмалы-қаңқалы конструкциялар (медициналық пункттер нысаны) сатылып алынып, құрастырылды.

Қазіргі таңда, Түркістан облысы бойынша 6 жаңа емханаларының құрылысы жүргізілуде, олар Атакент, Мырзакент, Кентау, Жетысай, Аксукент, Шардара елді — мекендерінде.

Денсаулық сақтау нысандарының құрылыс жоспары
Облыс орталығында бүгінгі күнде 1 Түркістан қалалық орталық ауруханасы: 185 төсек орынға арналған аурухана, қазіргі таңда 275 төсек орындайды. Алдағы уақытта Облыстық көпсалалы клиникалық ауруханасы облыстың барлық аудан елді мекендеріне жоғары мамандадырылған медициналық көмек көрсетеді.
Түркістан қалалық балалар аураханасы 190 төсек орынға арналған аурухана, қазіргі таңда 300 төсек орындайды. Аурухана Бәйдібек, Отырар, Созақ, Кентау және Түркістан қаласының халқына қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта 190 төсек орынға арналған емдеу корпусына жоспарланған бөлімшелер: ортопедия, кардиохирургия, нейрохирургия, жақ-бет хирургиясы, эндокринология және т.б.
Облыс орталығы Түркістан қаласына ауысқалы, емханалар жетіспеушілігі орын алды. (Шымкент қаласында 14 емхана қызмет етеді).
Осыған орай алдағы уақытта 1 ауысымда 500 келушілерге арналған  қалалық емхана салу жоспарлануда.
Түркістан қаласында жедел жәрдем стансасы Түркістан облысының халқына қызмет атқаруына байланысты, заманауи ғимарат, CALL-орталығы, автотұрақтары қажет етеді. Осыған байланысты, Түркістан қаласында 500 мың шақыртуға арналған Облыстық жедел медициналық жәрдем көрсету стансасының құрылысы жоспарлануда.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы  №702 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Жарлығына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан облысы және Шымкент қаласы болып бөлінуіне байланысты «Облыстық туберкулезге қарсы диспансері», «Облыстық онкологиялық диспансері», «Уақытша бейімделу және детоксикация орталығы», «Облыстық психикалық орталығы» Шымкент қаласында орналасқан. Түркістан облысына ауысымына 350 төсектік Туберкулезге қарсы диспансері, ауысымына 350 төсектік Онкологиялық диспансері, Уақытша бейімделу және детоксикация орталығы, Облыстық психикалық орталығының құрылысы жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қан орталығы және СПИД орталығы бір  ғимаратта халыққа қызмет атқарады. Сондықтан, жоғарыда көрсетілген медициналық ұйымдарының құрылысы жоспарлануда.
Сарыағаш қаласында Облыстық перинаталдық орталығының құрылысы жоспарлануда, себебі Сарыағаш, Мақтаарал, Жетысай және т.б. аудандарының 600 мыңнан астам халқына медициналық қызмет көрсетеді.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНАСЫ ЖОҒАРЫ ҚАРҚЫНМЕН ДАМУДА

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ – АДАМ ӨМІРІНІҢ САҚШЫСЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі