Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ –ТҮРКIСТАН ӨҢIРIНДЕ

2 ноября, 2024
in Uncategorized
0
«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ –ТҮРКIСТАН ӨҢIРIНДЕ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына «Денсаулық» медициналық пойызы келді. Қазақстанның шалғай жатқан теміржол стансаларына аялдайтын пойыздың сапары биылғы 21 желтоқсанда аяқталды.

240 күн ішінде теміржол бойында орналасқан ауылдардың тұрғындарына шамамен 230 млн. теңгенің қызметі көрсетілген. Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» баспасөз қызметі хабарлады.

Атап өтетін жайт, медициналық пойыздар негізінде көрсетілетін қызметтер «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы тарапынан қаржыландырылады. Дәстүрлі жобаны «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бірлесіп жүзеге асыруда. Соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған пойыздарда көрсетілетін медициналық көмек тізімінде: салалық мамандардың кеңесі (терапевт, педиатр, невропатолог, окулист, ЛОР, гинеколог, хирург, уролог, маммолог, онколог т.б.), түрлі зерттеулер мен диагностика түрлері (УДЗ, қан талдаулары, флюорография т.б.), кішігірім хирургиялық операциялар мен стоматологиялық қызметтер және тағы басқалары бар.

Биыл денсаулық саласы қызметкерлерімен бірге медициналық сақтандыру қоры қызметкерлері де жолға шықты. Мақсат – стансалар тұрғындарына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жайлы жан-жақты мәлімет беру. Себебі, бұл Қазақстандағы әрбір тұрғынға қатысы бар маңызды реформа. Сондықтан да Қор азаматтардың сақтандыруға қатысты сұрақтарына жауап беретін нүктелер санын арттырып, консультацияларды жетілдіре түсуге ден қойып отыр. Кездесу барысында шалғай елді мекендердің тұрғындары МӘМС жүйесінің артықшылықтары, кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеттері шеңберінде көрсетілетін қызметтер, жарна мөлшері, бірыңғай жиынтық төлемді төлеу тәртібі, мемлекет тарапынан сақтандырылатын санаттар жайлы толық мәлімет ала алады. Пойыздың кестесі fms.kz сайтында жарияланған. Естеріңізге сала кетсек, Медициналық сақтандыру қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілетін кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакетінің және жұмыс берушілер, азаматтар мен мемлекет жарнасы есебінен қаржыландырылатын МӘМС пакетінің операторы болып табылады. Тегін медициналық көмек пакетін қаржыландыру міндеті 2018 жылдан бастап қорға жүктелген болатын.

Ал, міндетті сақтандыру шеңберінде қызмет көрсету 2020 жылдан басталады.

Еске сала кетейік, «Денсаулық» пойызы 2019 жылы 6-7 қарашада – Отырар ауданының Темір,  8-9 қарашада Қарақоңыр, 10 қарашада Талдықұдық, 11 қарашада Арыс қаласының Шағыр стансасына, 12-13 қарашада Монтайтас, 14 қарашада Шанақ, 15-16 қарашада Шеңгелді, 17 қарашада Сарыағаш ауданының Жылға, 18-19 қарашада Дарбаза, 20 қарашада  Ордабасы ауданының Қалаш, 21-22 қарашада Бадам, 23 қарашада Игілік, 24-25 қарашада Сайрам ауданының Қызылсай, 26 қарашада Ынтымақ, 27-28 қарашада Түлкібас ауданының Састөбе, 29 қарашада Көктерек, Түлкібас  стансаларына аялдап, тұрғындарға медициналық қызмет көрсеткен болатын.

Алдыңғы жаңалық

ҮКІМЕТ АУЫЛДАҒЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢҒЫРТУ ЖОБАСЫН БЕКІТТІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: ӨҢІР ХАЛҚЫНЫҢ 98 ПАЙЫЗЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ПАСПОРТЫ БАР

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі