Тірі адамның бүйрегіне қарағанда, мәйіттің мүшесін алу қауіпсіз әрі тиімдірек. Түркістан облысының дәрігерлері осындай тоқтамға келіп отыр. Олар 5 науқасқа трансплантация жасады. Ота сәтті өткен.
Алғашқы ота мамырда жасалған. Сәтті шыққан болатын. Бүгінге дейін 5 науқастың бүйрегі алмастырылды. Қазір олар жазылып, қалыпты өмірін жалғастырып жатыр. Медицинада жеткен жетістік аз емес. Озық технологиялардың арқасында жүрек, бүйрек трансплантациялары сәтті өтіп жатыр.
Бүгінде барлық трансплантациялар тек туыстардың донор болуымен жүзеге асып жатыр екен. Ал мәйіт донорлығын дамыту – алаңдатып отырған мәселе. Мәселен, бүйрегін алмастырған науқастардың біріне күйеуі, ендібіріне бауырлары өз органын ұсынып, донор болған. Қауіп факторлары көп болғанымен, науқастардың жағдайы жақсы
Жақын туыстың бүйрегін салу үшін генетикалық деңгейде сәйкестігі болуы керек. Бұл жағдайда донор да, рецепиент те жақсылап дайындалып, операцияға жіберіледі. Отаға мемлекет тарапынан жеткілікті деңгейде қаражат бөлініп, қолдау көрсетіледі. Себебі, бүйрегі істен шыққан жандар мүгедектігі бар болып есептеледі. Ал операциядан соң олар қалыпты өмірін жалғастырып, диалезге мұқтаж болмай өмір сүре алады.



