Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ

5 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘРІГЕРЛЕРГЕ АЛҒЫСТАРЫН ЖЕТКІЗДІ
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы бойынша ауруханада жатқан науқастар саны азайып келеді.

Түркістан қалалық орталық ауруханасында ем қабылдап жатқан Сарагүл Тілеубергенованың айтуынша, барлық дәрі-дәрмек мөлшері жеткілікті. 67 жастағы Сарагүл ханым қалалық ауруханаға ауыр халде 12 күн бұрын жеткізілген. Жүрек талмасы мен қан айналымының бұзылуынан жедел-жәрдемге жүгінген. Артынан қатты жөтел қысып, тыныс алуы нашарлаған. Ауруханада жатқан уақыт ішінде ауруынан толығымен айықты. Өзі де 40 жыл медицина саласында қызмет атқарған Сарагүл Тілеубергенова дәрігерлерге үлкен алғысын білдірді.

Омарова Саяра да 10 күн бұрын баспасы асқынып ауруханаға түскен. 35 жыл мұғалім болып жұмыс істеген 61 жастағы науқас бұған дейін ауруханаға жатып көрмеген. Ақ халатты абзал жандардың арқасында қазір жағдайы қалыпқа түсіп, бүгін ауруханадан шыққалы жатыр.

– Дәрігерлер – қазіргі заманның нағыз қаһармандары. Олардың еңбегі өлшеусіз әрі бағалы. Бүгінде адам жанының арашасына айналған дәрігерлер өз біліктіліктерін көрсетуде, – дейді Омарова Саяра.

Қазіргі таңда Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастар саны – 2513. Дерттен жазылған науқастар саны – 1949.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ДӘРІГЕРЛЕРІ ХАЛЫҚҚА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ДӘРІГЕРЛЕРІ 1330 СӘБИДІ ҚҰТҚАРДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі