Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

5 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысына ҚР денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен келді. Ақмарал Әлназарова сапар барысында “Ақжайық” музыка-мектебінің мәжіліс залында өңірдегі ұйым басшыларымен бірге жергілікті тұрғындармен кездесіп, азаматтардың өтініштерін тыңдап, жеке қабылдау өткізді. Тұрғындар қандай ұсыныс-тілектерін білдірді? Жиында қандай мәселелер талқыланды? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын тілшіміз біліп қайтты.

Жұмыс сапарымен келген ҚР денсаулық сақтау министрі ең алдымен жаңадан құрылған, халқы тығыз орналасқан Сауран ауданына барып, ондағы орталық емхананың жай-күйімен танысып, сондай-ақ Түркістан қалалық емхананың жұмысымен танысты. Одан соң “Ақжайық” музыка мектебінің мәжіліс залында Түркістандық тұрғындармен кездесті. Жиында одан бөлек жауапты жергілікті денсаулық сақтау саласына қатысты басшылар, өздерінің атқарып жатқан жұмыс барысымен таныстырды. Алғашқы баяндаманы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев жасады. Ол Түркістан облысының денсаулық сақтау құрылымымен, медико-демокрафиялық көрсеткіштерді, ірі медициналық жобаларды, “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту” атты жобасын және қаланың өзекті мәселелеріне тоқталып, оның шешу жолдарын таныстырып, өздерінің ұсыныстарын айтып, өтініштерін министрге жеткізді. Кездесу барысында одан бөлек, денсаулық сақтауды дамыту, медициналық-санитарлық алғашқы қызмет ұйымдарында медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, ауылдық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын сақтау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту секілді мәселелер талқыланды. Брифингте министр Президент тарапынан жылдың басында медицина саласының сыңға ұшырағанын айтып, оның негізі ретінде халық тарапынан түскен арыз-шағымдардың көбеюуі деді. Енді сол мәселелерді шешу жолында, облыстардың жай-күйін, оның шешу жолдарын қарастырып жүргенін хабарлаған Ақмарал Шәріпбайқызы осы Түркістан облысындағы емханаларды аралап, нысандардың жетіспейтінін ескеріп, министр тарапынан бұл мәселелерді шешуге көмектесетінін айтты.
Одан кейін еліміздің бас дәрігері мен министр өңір тұрғындарын жеке қабылдады. Түркістандықтар министрге шет елге берілетін квота, ауру диагноздарын нақтылау бойынша ұсыныстары мен шағымдарын айтты. Жеке қабылдауда тұрғындардан түскен барлық өтініштер бақылауға алынып, денсаулық сақтау министрі жергілікті атқарушы орган өеілдеріне аталған поблемаларды дереу шешуді тапсырды. Халық сапалы медициналық көмекпен қамтылуы тиіс екенін ескертті.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚТЫҢ ЖАСЫН ҰЗАРТАТЫН ҰЛТТЫҚ ЖОБАҒА ДАЙЫНДЫҚ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАНДА «БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі