Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ОБЫРЫМЕН СЫРҚАТТАНУШЫ ӘЙЕЛДЕР КӨБЕЙГЕН

10 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ  ЖАТЫР МОЙНЫНЫҢ ОБЫРЫМЕН СЫРҚАТТАНУШЫ ӘЙЕЛДЕР КӨБЕЙГЕН
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Күзден бастап елімізде 11 жасар қыз балаларға «Адам папилломасы» вирусына қарсы екпе салынады. Бұл туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиева мәлімдеді.

Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, 2022 жылы жатыр мойнының обыры бойынша өңірде 127 жағдай тіркеліп, оның 49-ы өліммен аяқталған. Ал, өткен жылы 142 әйел осы сырқатқа шалдыққан. Салдарынан 48-і қайтыс болды. Аталған дерттің алдын алу мақсатында алдағы күзден бастап 11 жастағы қыздарға екпе салынатын болады. «Адам папилломасы» вирусына қарсы вакцинация мектептерде немесе тіркелген мекен-жайы бойынша емханаларда тегін егіледі. Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі барлық қыздардың 90 пайызын екпемен қамту жоспарланып отыр.

«Жатыр мойны обыры — барлық жастағы әйелдер арасында сүт безінің обырынан кейінгі кең таралған сырқаттың түрі. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің «Адам папилломасы» вирусы инфекциясын жұқтыруы себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Вирус жұқтырудың және оның дамуының алдын алудың жалғыз жолы — екпе салдыру. Екпе мектептерде немесе тіркелген мекен жай бойынша емханаларда тегін егіледі. Айта кетерлігі, қыз балаларды вакцинациялау — ата-аналарының келісімімен ғана жүргізіледі», — деді Салтанат Жабағиева.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР 7 ЖАСАР БАЛАНЫҢ БАУЫРЫНАН БІР УЫС ҚҰРТ АЛДЫ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН МЕДИЦИНА ҰЙЫМДАРЫНА 75 ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ БЕРІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі