Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖҮРЕКТІҢ КЕНЕТТЕН ТОҚТАП ҚАЛУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ОТАНЫҢ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСІ ЕНГІЗІЛДІ.

15 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОРТАЛЫҚ ҚАЛАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ЖҮРЕКТІҢ КЕНЕТТЕН ТОҚТАП ҚАЛУ ҚАУПІ ЖОҒАРЫ ПАЦИЕНТТЕРГЕ ОТАНЫҢ ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСІ ЕНГІЗІЛДІ.
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында алғаш рет, 2024 жылғы 13 қаңтарда «Түркістан қалалық орталық ауруханасы» ШЖҚ МКК базасында стационардың интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушісі Б.Усмановтың жетекшілігімен кенеттен жүрек өлімі қаупі жоғары пациентте кардиовертер – дефибриллятор жүйесін тері астына имплантациялау бойынша шеберлік — класс өтті.

Мамандар отаны «Кеңейтілген кардиомиопатия. Жүрек ырғағының бұзылуы, жүрекшелердің фибрилляция. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі » диагнозымен сырқаттанатын 62 жастағы ер адамға сәтті жасады. Мастер-класс өткізу үшін арнайы ҚР бас штаттан тыс аритмологы, «Қазақ аритмологтар қоғамы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, медицина ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор А. Әбдірахманов шақырылды.

Кардиовертер-дефибриллятор – бұл электронды антиаритмиялық құрылғы, жүрек ырғағын басқаруға арналған күрделі компьютер, оның өлшемдері кішкентай және кеуде қуысының жоғарғы бүйіріндегі тері астына ендіріледі. Құрылғы жүрек қызметін тұрақты бақылап, бір минутқа да жұмысын тоқтатпайды. Өмірге қауіп төндіретін аритмия (қарыншалық фибрилляция) пайда болған кезде құрылғы жоғары электр энергиясының разрядын қамтамасыз ету арқылы, жүректің сонғу ырғағы дұрысталып, жүрек өз жұмысын қалпына келтіреді.

Кардиовертер дефибрилляторын имплантациялау – өмірге қауіп төндіретін жүрек соғысының бұзылысы бар науқастарды кенеттен аритмиялық өлімнен қауіпсіз қорғаудың және оның өмірін ұзартудың жалғыз жолы.

Бұл операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде тегін жүргізілді. Бүгінгі күні ота жасалған науқас өзін қанағаттанарлық сезініп, интервенциялық кардиология бөлімінде емін жалғастыруда. Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында науқастың денсаулығына төнер қауіп жоқ.

Медицинадағы инновацияларды әрдайым қолдайтын және жоғары технологиялық оталарды қолданысқа сәтті енгізе білген аурухана басшысы Б.Берденов атап өткендей: «Бұл бағыт дамитын болады және мұндай оталардың көлемі мен түрлері бірнеше есе көп жүргізіледі, өйткені мұқтаждар саны өте көп.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ «АҚ БҰЛАҚ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАРҒА КӨМЕКТЕСІП ЖАТЫР

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШ РЕТ РОБОТ АРҚЫЛЫ МИҒА КҮРДЕЛІ ОТА ЖАСАЛДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі