Понедельник, 20 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕТІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

28 ноября, 2024
in Uncategorized
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЕТІНШІ ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ
0
SHARES
3
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыстық перинаталдық орталықта үшем дүниеге келді. Осылайша Әріпбаевтар отбасының саны үш перзентпен толықты. 27 жастағы Роза Әріпбаева тұңғыш ұлынан кейін өмірге 2 ұл мен 1 қыз әкелді. Бірнеше күн дәрігердің бақылауында болған сәбилер мен анасы бүгін үйге шығарылды. Отбасының қуанышымен бөлісуге келген туыстары сәбилерді көру үшін перзентхана маңына жиналып, ақжарма тілектерін білдірді.

Үшемдер мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 33-аптасында дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 2 келі 245 грамм болса, екіншісі −1 келі 785, үшіншісінікі 1 келі 805 грамға жеткен. Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемдерге Омар, Усман, Разия деп ат қойыпты. Дәрігерлердің айтуынша алғашында нәрестелерге медициналық көмек қажет болған.

– Бұл үшемдердің туылған кезде жағдайлары ауыр болды. Аппаратта болды. Алғашқы күндері нәрестелер жоғары күтімге мұқтаж нәрестелер бөлімшесінде бақылауда болды. Тексеру, емдеу, күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда медицина қызметкерлерінің көмектеріне байланысты бұл үшемдердің жағдайлары жақсы салмақ қосып, ана сүтін қанағаттарлықтай еміп жатыр, – дейді дәрігер-неонатолог Таугүл Байдуллақызы. Үшемдердің анасы барлығы жақсы қарап көмектескенін айтып, ақ халатты абзал жандарға алғысын жеткізді.

Айта кетейік Түркістан облысы елімізде туу көрсеткіші бойынша алғашқы орында тұрған өңір болып саналады. Киелі аймақта 6 ай ішінде 25045 нәресте дүниеге келген. Ал жыл басынан бері дүние есігін ашқан үшемдер саны 7-еуге жетті. Ал осы мерзім аралығында 311 егіз сәби туылған.

Алдыңғы жаңалық

ҚАЗАҚСТАН ИНТЕРВЕНЦИЯЛЫҚ КАРДИОЛОГТАР ЖӘНЕ ЭНДОВАСКУЛЯРЛЫҚ ХИРУРГТАР ҚОҒАМЫНЫҢ ХII КОНФЕРЕНЦИЯСЫ өтті.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: «АМАНАТ АҒЗА» 18 ЖАСТАҒЫ ДОНОРДЫҢ БҮЙРЕГІ 6 БАЛАНЫҢ ӘКЕСІНЕ БҰЙЫРДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі