Суббота, 17 мая, 2025
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

АНГИОГРАФ АППАРАТЫМЕН ОТА ЖАСАЛДЫ

28 ноября, 2024
in Uncategorized
0
АНГИОГРАФ АППАРАТЫМЕН ОТА ЖАСАЛДЫ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ордабасы аудандық орталық ауруханамызда Италия мемлекетінде өндірілген «Euroampli Alien Cardio» жылжымалы Ангиографиялық жүйесі жабдығы орнатылып, алғаш рет диагностикалық мақсатта коронарография жасалынды. Дәрігерлер жүрек-қан тамырындағы ақауды толық анықтайтын коронаграфия əдісін сәтті іске асырды. Бұл дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық процедура.

Тың әдіспен жасалған ота Англиядан жене облыстан келген білікті мамандардың қатысуымен жергілікті дәрігерлердің шеберлік сыныбы аясында кардиологиялық екі ота, неврологиялық, хирургиялық 4 ота жасалды. Әрбір ота небәрі жарты сағатқа ғана созылды. Ангиографиялық жүйе науқасқа сәулелік жүктемені орта есеппен 75 пайызға төмендетіп, визуализациялаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Соның нәтижесінде шолу аумағын үлкейтіп, суреттің ажыратымдылығын жақсартады. Бұл ерекшеліктер өз кезегінде интервенциялық радиология мамандардың зерттеулер мен емдік шараларды сапалы орындауына мүмкіндік жасайды. Аппараттың қан тамыры ауруларының диагностикасы саласында мүмкіндіктері өте үлкен. Бұл – емдеу кезеңіндегі зерттеулер арқылы оталық ем қажеттілігін анықтаудың өте маңызды сатысы. Бұл аппараттың тиімділігі сол, сырқаттың себебін дәл анықтау мүмкіндігі орасан.  Ерекшелігі, ота тамырдың ішінде жабық түрде жасалады. Мәселен, қан кеткен және жүрмей қалған тұсты тез анықтап, тамырды бітеуге, модельдеуге, қалпына келтіруге, тар тамырды кеңейтуге мүмкіндік береді. Науқас ояу жатып, мониторға қарайды. Науқаспен сөйлесе отырып, нәтижесін байқап отырады. Ал, ашық ота кезінде сырқатқа наркоз беріледі. Ота кемінде 3-4 сағатқа дейін созылады.

Жоспар бойынша Ордабасы аудандық орталық аурухана мамандары тағы да күрделі ота жасау барысын жетік меңгеріп, жергілікті деңгейде дамытуда қолға алмақ.

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАНДЫҚ ЕМХАНАЛАРДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ ӨТЕДІ

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН: АЛҒАШ РЕТ ҚУЫҚАСТЫ БЕЗІ АРТЕРИЯЛАРЫНЫҢ ЭМБОЛИЗАЦИЯСЫ ЖАСАЛЫНДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі