Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 5 мың басқа арналған заманауи мал бордақылау кешені және ет комбинаты іске қосылды

12 августа, 2025
in Жаңалықтар
0
Тұран даласында зауыттар мен кәсіпорындар көбейіп келеді
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы, Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында «KAZ ECO MEAT» ЖШС-нің 5 мың басқа арналған ірі мал бордақылау алаңы іске қосылды. Маңызды кешенге Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы барып, кәсіпорынның ашылу салтанатына қатысты. Мал сою бекетінің құрылыс жұмыстары жобалау сметалық құжатқа сай 100% — ға толық орындалған.
Жоба құны 8 500 млн. теңгені құрайды. Мұнда жылына 5000 бас ірі қара мен 10000 тонна ет өңделеді деп жоспарлануда. Өндірістік кооператив 13 гектар аумақта орналасқан. Жаңадан 100 жұмыс орны құрылды. Өндіріске қажетті құрал-жабдықтар және арнайы құрылғылар Беларусь, Қытай және Түркия елдерінен алынған. Қажетті сиыр малы жергілікті фермерлік шаруа қожалықтарынан және солтүстік өңірлерден жеткізіледі.
Аймақ басшысы ірі қара мал сою алаңына барып, ондағы ет пен қанды өңдеу цехының жұмыс жүйесімен танысты. Жауапты мамандарға жоба аясында сапалы жұмыс жүргізу, экспортты ұлғайту керектігін ескертті.
Кәсіпорын жоғары техникалық құралдармен жабдықталған, малдан алынатын өнімдерді неғұрлым толық пайдаға асыру мақсатында мал бордақылау кешенінде ірі қараға автоматтандырылған жем беру жүйесі ендірілген. Кәсіпорында қанды жинауға арналған арнайы құрал-жабдықтар мен қондырғалар қолданылады. Яғни, қанды өңдеп, кәдеге жаратып, арнайы өнімдер шығарады. Сонымен бірге малдың сүйегі де өңделеді. Қалдықсыз өндіріс принципі бойынша жұмыс істейді. Ет комбинаты халықаралық талапқа сай және экспортқа негізделген.
Одан кейін облыс басшысы Сайрам ауданына қарасты Манкент елді мекеніндегі «NURYM GROUP» ЖШС тарапынан салынған құрама жем өңдеу зауытының жұмысын қадағалады. Аралау барысында зауыттың басшысы Сырым Ертаев аймақ басшысына шикізат сынамасын зерттеуге арналған лабараторияның жұмыс жүйесімен таныстырды. Арнайы инновациялық технологияны қолдану арқылы бой көтерген нысанның құрылысы толық бақыланды.
Өңдеу зауытының жобалық құны 2 231,0 млн. теңгені құрады. Жоба аясында мұнда 12 адам жұмыспен қамтылған. Нысан сағатына 20 тонна жем өңдеуге қауқарлы. Құрама жем қоспасы арқылы мұнда малазықтық өнімдер өңделеді. Жалпы 7,25 гектар аумақты құрайтын алаң жеке кәсіпкердің қаржысы есебінен салынған.
Айта кетейік, осыған дейін Түркия мемлекетімен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде зауытқа арнайы қондырғылар жеткізілген-ді. Нысан биыл толық іске қосылады. Ол үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Осы орайда тілгі тиек ете кететін бір жағдай Түркістан облысының мал шаруашылығы саласы елімізде жетекші орында. Мемлекеттік қолдау мен атқарылып жатқан жұмыстың нәтижесінде өңірде мал шаруашылығы қарқынды даму жолына түскен. 2024 жылғы көрсеткіштерге көз жүгірсек өңірде мал шаруашылығы өнімі 470 млрд теңгеге жетіп,  республикада 1-орынға шықты.
Еліміздегі ірі қара мал санының 13 пайызы, қойдың 22 пайызы, жылқының 11 пайызы, түйенің 15 пайызы, өндірілген еттің 13 пайызы, сүттің 16 пайызы — осы өңірдің үлесінде.
Облыстағы қой басының 14%, ІҚМ, жылқының 5%, түйенің 7% — асыл тұқымды.
Ет экспорты бойынша Түркістан облысы республикада көш басында. Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 80%, ұсақ мал етінің 75% облыстың еншісінде (2023 жылы 10,9 мың тонна ІҚМ, 5 мың тонна қой еті экспорталды).
Мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық көлемін ұлғайтуда өңірде бордақылау алаңдары мен кешендерін жүйелі дамыту ісі оң септігін тигізіп отыр. Облыста жалпы 9183 ірі қара мал бордақылау алаңы бар.
Оның ішінде 400 басқа дейін — 9148, 400 бастан 1000 басқа дейін — 13, 1000 бастан жоғары — 22 мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.
Облыста мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде ет өнімдерін өңдейтін 10-нан астам сүт, 20-дан астам ет өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді.
Осы кәсіпорындар есебінен облыста өндірілген еттің 29%, сүттің 21,5% қайта өңделіп, нарыққа шығарылып жатыр.
Атап айтқанда, «Қарқын-2030» ЖШС-нің «Narlen» маркасымен шұжық, жұмыртқа өнімдері, «Айкан» ЖШС-нің «Эмир» маркасымен сүт өнімдері, «Бөрте милка» ЖШС-нің «Бөрте Милка» маркасымен сүт өнімдері Қазақстан нарығында жоғары сұранысқа ие болып, брендке айнала білді.
Сүт өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының қуатын арттыру бойынша жалпы құны 10,5 млрд теңгені құрайтын 3 ірі тауарлы сүт фермасы инвестициялық жобалары жүзеге асып жатыр. Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Ел тарихында алғаш рет түркістан облысында 32 мың гектар жерге тамшылатып суғару жүйесі енгізілді

Келесі жаңалық

Түркістан облысы 6 ай нәтижесінде макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша республикада бірінші орынға шықты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі