Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Өндірісі өркендеген өңірде 8 айда 101 мың азамат жұмысқа орналасты

24 сентября, 2025
in Қоғам
0
Өндірісі өркендеген өңірде  8 айда 101 мың азамат жұмысқа орналасты
0
SHARES
21
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Өндірісі өркендеген Түркістан облысында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, азаматтарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жалғасып келеді. 2025 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын құру көзделген. Осы жылдың 8 айының қорытындысымен 100 807 азамат жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте баяндалды.
Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға Президент тапсырмаларының тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырып, бұл шаралар үздіксіз атқарылатынын жеткізді.
– Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту, жағдайын жақсарту. Жанашырлықпен орындалмаған жұмыс нәтижесіз болады. Ауыл халқының тұрмыстың жағдайын көтеру, жұмыссыз азаматтарды бағыттау жұмыстарын жүйелеп, жандандырыңыздар. Сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай кәсіптік бағдар беруді күшейтіңіздер, – деген Бейсенбай Тәжібаев жұмысты немқұрайлы орындаған тұлғалардың жауапкершілігі қаралатынын ескертті.
Облыстық жұмыспен қамту жән әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.Әбдіқадыров аудан, қала әкімдіктерінің бекітілген индикаторларды орындау деңгейі туралы баяндады. Оның айтуынша, 8 айдың қорытындысымен 100 807 азамат жұмыспен қамтылған. Оның ішінде, 59 925 – тұрақты, 40 882 – уақытша жұмыс орындары. Жоспар 114,5%-ға орындалған.
Ұлттық жобалар аясында бүгінгі таңда нақты 297 жоба жүзеге асып, 3 156 азамат жұмыспен қамтылды. Жеке инвестиция тарту арқылы 103 жоба жүзеге асып, 1 584 жұмыс орны құрылды. Ал, «10 мың тұрғынға – 100 жаңа жұмыс орны» жобасы аясында биыл 22 595 жаңа жұмыс орнын құру межеленгенсе, қазіргі уақытта 27 617 жұмыс орны ашылды.
«Өңірлік жұмыспен қамту картасын» жүзеге асыру аясында 59 925 азамат тұрақты жұмысқа орналасты. Уақытша субсидияланатын жұмыс орындарына 27 099 азамат тартылды. Одан бөлек, жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін 1788 азамат мемлекеттік грант алды. Сонымен қатар 158 пробация есебіндегі және 10 бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған азаматтар, 5 тұл жетім, 146 мүгедектігі бар азаматтар жұмысқа орналасты.
Облыс көлемінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен «Ашық есік» күндері тұрақты өткізіліп келеді. Жыл басынан бері 64 бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. Оған 1 257 жұмыс беруші қатысып, 2 344 адам жұмысқа орналасты. Олардың ішінде, 1 611 адам жұмысшы мамандықтары бойынша құмыспен қамтылды.
Жиын барысында «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстар туралы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Нүрпейісов ақпарат берді. Биыл облыста жаңа 6 мамандық ашылды. Өңірге қажетті мамандықтарды талдау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Алдағы уақытта радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, логистика, иіру және түту өндірісі технологиясы, жылжымайтын мүлікті басқару, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылыстарын пайдалану, темір-бетон және металл бұйымдарын өндіру мамандықтарын ашу жоспарлануда.
Айтып өту керек, облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен жұмыспен қамту, өндіріс орындарын ашу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осы ретте Отырар ауданы, Қарақоңыр ауыл округіндегі «Түркістан агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің өндіріс орнында Жұмысшы мамандықтар жылына орай бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңке барысында жұмыс іздеушілерге өндіріс процесі таныстырылып, 44 бос жұмыс орны ұсынылды.
Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов жұмыс іздеушілерге инвестициялық жобалардың ел экономикасына қосар үлесін баяндап, жұмыспен қамту шаралары туралы қысқаша баяндама жасады. Жәрмеңке нәтижесімен 10 азамат тұрақты жұмысқа қабылданды. Сонымен бірге жұмысшы мамандық иелері Отырар ауданы әкімі мен аудандық «АMANAT» партиясының мақтау қағаздарымен марапатталды
Жәрмеңкеде «Kazakhstan Lihua» ЖШС 300 жұмыс орнын ұсынса, «Altyn Land» ЖШС 85 адамды жұмысқа шақырды. «Kuzov Karabulak» ЖШС – 450, «Kaz Eco Meat» ЖШС 90 жұмыс орнын ұсынды. Өзге де кәсіпорындар тұрғындарды қабылдады.
2025 жылы облыс әкімімен облыс тұрғындарын жұмыспен қамту мен жұмысшы мамандықтарды дәріптеуге бағытталған 122 бос жұмыс орындары мен өндіріс орындарында ашық күндерін өткізу жоспары бекітілген. 1 қыркүйектегі жағдаймен 5 сала бойынша бос жұмыс орындарының 64 жәрмеңкесі өткізілді. Оларға 1257 жұмыс беруші қатысты. Олар 6841 бос жұмыс орнын (оның ішінде 4 868 жұмысшы мамандықтары бойынша – 71,1%) ұсынып, 6761 азамат, оның ішінде жұмысшы мамандықтары бойынша 4628 тұрғын жәрмеңкеге қатысты. Нәтижесінде 2344 адамға жұмыспен қамту шаралары көрсетілді. 1611 адам жұмысшы мамандықтары бойынша (68,7%) жұмыспен қамтылды.
Одан бөлек аймақта жұмысшы мамандарды дәріптеу мақсатында өндіріс орындарында ашық есік күндері өткізілді. Өткізілген ашық есік күндеріне жалпы 37 кәсіпорын қатысып, 9960 азамат қатысты. Олардың 3 мыңнан астамы мектеп оқушылары болса, техникалық және кәсіптік білім алушы 4380 адам, жоғарғы оқу орны түлектері сапынан 659 адам және басқа да санаттағы азаматтар қатарынан 1 848 адам қатысқан.
Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысы мен Хубэй провинциясы арасындағы жобалар бойынша жол картасына қол қойылды

Келесі жаңалық

Түркістан облысы - елдегі ұлттық жобаны жүзеге асыра бастаған алғашқы өңір

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі