Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркістан облысы көшет өндіруден де көш бастады.

24 сентября, 2025
in Мәдениет
0
Түркістан облысы көшет өндіруден де көш бастады.
0
SHARES
25
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

“Түркістан облысы көшет өндіруден де Республикада көш бастады” -деп, хабарлайды Saraptimes.kz. Ақпарат көзінің хабарлауынша соңғы уақытта Түркістан облысында орман қоры ұлғайған. Қазіргі таңда өңірде 3 млн 472 мың гектарды құрайтын мемлекеттік орман қор жері бар, бұл облыс аумағының 30 пайызын құрайды. Мемлекет басшысының мемлекеттік орман қоры аумақтарында 2 млрд. ағаш отырғызу тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында 2021-2027 жылдар аралығына кешенді жоспар әзірленіп, 110,2 мың га жерге 170 млн көшет егу жоспарланған. Бұл мәселе облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланды. Өңір басшысы елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бағытында жұмыстарды жандандыруды және күтіп-баптау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
– Мемлекет басшысының елді мекендерді абаттандыру, аймақтарды көгалдандыру жөніндегі тапсырмасы бар. Алайда, ағаш отырғызу жұмыстарында әлі де кемшіліктер кездеседі. Егер жыл соңына дейін кемшіліктер жойылмаса, тікелей аудан-қала әкімдерінің жауапкершіліктері қаралатынын ескертемін. Осы бағытта жұмысты жүйелеу керек. Егілген ағаштардың сапасы мен күтімін қадағалаңыздар. Барлық аудан, қала әкімдеріне, жауапты басқарма мен мекемелер басшыларына күзгі ағаш көшеттерін отырғызуға қажетті орындарды дайындап, олардың суғару жүйелерін қосуды және тиісті жұмыстарды сапалы атқаруды тапсырамын, – деді облыс әкімі.
Жиналыста Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев өңірдегі көгалдандыру және көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, елді мекендерді көгалдандыруға облыстағы орман шаруашылығы мекемелерінің тұқымбақтарынан 2021-2024 жылдар аралығында облыс көлемінде жалпы 2 млн 736 мың түп көшет отырғызылды. Биыл облыстың аудан, қалаларына 1 миллионнан астам көшет егу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда басқармаға қарасты тұқымбақтардан көктем айларына 439 мың түптен аса көшет босатылып, аудан, қала әкімдіктерінің бюджеті мен демеушілер есебінен 69 мыңнан аса көшет алынған. Нәтижесінде көктемгі маусымда жалпы 509 839 түп көшет егілді.
Орман тұқымбақтарының санын ұлғайту және көшет сапасын жақсарту бағытында өткен жылы 30 миллионнан астам көшет өсірілсе, ал биыл 35 миллион көшет өсіру жоспарлануда. Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы көлемі 342 гектарды құрайтын 21 орман тұқымбағы бар. Онда 17 түрлі көшет өндіріледі. Түркістан облысы көшет өндіру көлемі, сапасы және түрлері бойынша республикада алдыңғы қатарда. Бүгінде орман шаруашылықтарының тұқымбақтарында көшеттерге тиісті көлемде суару және дәрі беру жұмыстары күшейтілген. 2021-2024 жылдары аралығында жалпы 79 мың гектарға 117 млн көшет егілді. Бұл көрсеткіш жыл сайын ұлғайып келеді.
Алайда атқарылған жұмыстардың сапасына келсек, бірқатар аудандарда көшеттердің өнімділігі көңіл көншітпейді. Арыс, Түркістан қалалары мен Созақ, Келес, Ордабасы, Шардара аудандарында көшеттердің өнімділігі жоғары болса, Сарыағаш, Бәйдібек, Отырар және Жетісай аудандарында көшеттердің өнімділігі нашар, суару мен қоршау шаралары тиісті деңгейде жүргізілмеген. Мұндай немқұрайлыққа жол берген әкімдіктерге ескерту берілді.
Айта кетсек, Түркістан облысы әкімдігі тарапынан биыл егілетін көшеттердің көлемі мен түрлерін нақтылау үшін жұмысшы топ құрылып, аудандарды аралау шаралары жүргізілді. Көшеттерді босатуда әр ауданның климаттық ерекшеліктері ескерілді.
Себебі, ең алдымен көшеттерді қатал континенталды климатқа бейімдеу маңызды.
Осыдан 29 жыл бұрын Ахмет Ясауи университетінде көлемі 88 гектар «Ботаникалық бақ» құрылды. Ботаникалық баққа елімізден және жақын шет елден 59 туыс, 28 тұқымдас, 127 түрге жататын декоративті, жеміс-жидек, ағаш бұталы және гүлді өсімдіктер интродукцияланып, өңірдің қатал климаттық жағдайына бейімделген коллекциясы құрылған. Ботаникалық бақта құнды гендік қорды сақтау және көбейту үшін материалдық-техникалық база құрылған. Мұнда ағаш және бұта өсімдіктерін өсірудің заманауи технологияларын меңгерген мамандар жұмыс істейді.
Егер еске салатын болсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Түркістанда қала айналасынан 7700 га жерге «Жасыл белдеу» құру жоспарланып, бүгінгі таңда бұл жұмыстар қарқынды. Алқапқа негізінен жапырақты ағаштар мен сексеуіл егілуде. Алдағы уақытта саялы саябаққа айналдыру үшін әлі де жұмыстар жалғасады. «Жасыл белдеу» аумағын 30 мың гектарға жеткізу көзделіп отыр.
Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында республика аумағында экологиялық жағдайды жақсарту үшін 2 млрд. түрлі ағаш көшетін отырғызу белгіленген. Осыған сәйкес, облыс әкімдігі Қазақстан Республикасының Экология министрлігімен бірлесіп, кешенді жоспар қабылдады. Қазіргі уақытта қосымша сұраныс болса, қажетті көшеттер көлемін толық қамтуға мүмкіндік бар. Saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Әкімдік шағын және орта жобаларға сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуде

Келесі жаңалық

Түркістанда – орта азияда теңдесі жоқ «ескек есу» арнасы ашылды!

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі