Пятница, 17 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Экономикалық өсім бойынша Түркістан облысы Республикада алдыңғы орыннан түспей тұр.

17 ноября, 2025
in Экономика, Қоғам
0
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды жүзеге асыру бойынша келіссөз жүргізді
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Экономикалық өсім бойынша Түркістан облысы Республикада алдыңғы орыннан түспей тұр. Бұл туралы облыс әкімдігінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, аудан, қала әкімдіктерінің және басқармалардың қызметі тиімділігін рейтингтік бағалау мәселелері талқыланған алқа мәжілісінде айтылды. 9 айдың қорытындысы шығарылып, индикаторлардың орындалу барысы талқыланған жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров жоспарды орындамаған аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына сын-ескертпе айтып, жұмысты жандандыруды тапсырды.


– Биылғы 9 айдың қорытындысымен облыс экономикасы дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 114,8%-ды құрады. Бұл республикада – 2 орын. Мемлекет басшысының экономикалық өсімді 7%-ға жеткізу тапсырмасына сәйкес, 9 айдың қорытындысымен Үкімет бекіткен межеге толық қол жеткізілді. Ауыл шаруашылығы өнім көлемі 855,4 млрд. теңгені құрап, өсім 101,5% деңгейінде болса, өнеркәсіп өнім көлемі 1,2 трлн. теңгені құрап, 13,5%-ға артты. Құрылыс жұмыстарының көлемі 412 млрд. теңгені құрап, 25,5%-ға артса, сауда, байланыс қызметінде де өсім бар. Бірақ кейбір аудан, қала әкімдіктері мен басқармалар өздеріне жүктелген индикаторларды толық орындай алмай отыр. Бұл өңірдің дамуына кері әсер етеді. Сондықтан жұмысты жандандырыңыздар. Бізге «тапсырманы орындаймын» деген уәде емес, сол мәселені шешу жолдарын ұсынғандарыңыз қажет. Жыл қорытындысымен рейтингте соңғы орындарда қалған әкімдіктер мен басқармалардың жұмысы сараланып, басшыларына қатысты тиісті шешімдер қабылдаймыз, – деді Нұралхан Көшеров.
Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Қайыпбеков 9 айдың қорытындысы бойынша талдау нәтижесін баяндады. Аудан қала әкімдері мен басқамалар қызметінің тиімділігін бағалайтын 9 блоктан тұратын 97 индикатор нақтыланды. Облыстық басқармалардың ұсынысы негізінде қосымша 8 индикатор енгізілді. Биылғы 9 айға жоспарланғаны – 87.
Барлық индикаторлардың талдау нәтижесінде аудан, қала әкімдерінің рейтингіне сәйкес бірінші үштікке Төлеби ауданы, Түркістан қаласы және Жетісай ауданы енді. Аутсайдерлер қатарында Мақтаарал, Бәйдібек және Келес аудандары тұр. Алты аймен салыстырғанда Төлеби, Жетісай, Сарыағаш аудандары өз нәтижелерін жақсартқан. Ал басқармалардың көрсеткішіне келсек, Ветеринария басқармасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы оң нәтиже көрсеткен.
Айтып өту керек, Түркістан облысын өндірісі дамыған өлкеге айналдыру жолындағы жұмыстар белсенді жалғасып келеді. Өңірдің экономикалық әлеуетін арттыру, кәсіпкерлік саласын дамыту және инвестиция тарту мақсатында маңызды жобалар мақұлданып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Оған бәлел қазір барлық аудан-қалада ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда Түркістан қаласы, Сайрам, Сауран, Ордабасы, Бәйдібек аудандарында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Түркістан қаласында орналасқан «PSI Machinery» ЖШС тау-кен металлургия кешеніне қажетті ауыр жабдықтар шығаратын зауыт. Одан бөлек «Turan» АЭА аумағында тағы 2 жоба жүзеге асуда. Сонымен қатар Сайрам ауданындағы «KUZOV KARABULAK» ЖШС арнайы техника құрастыру зауыты, Бәйдібек ауданындағы «AMANAT AGRO BAIDYBEK» АӨК мақта өңдеу мен тамшылатып суару зауытының құрылыс жұмыстары, Түркістан қаласындағы «Hygeia Textile Kazakhstan» ЖШС мата зауытын салу, иірімжіп өндіру және джинс маталарын шығару зауытының құрылысы «Qaz Natural Laminat» ЖШС еден жабындарын өндіретін зауыттың құрылысы (I кезең) бойынша ағымдағы жағдайын «HUATING BIOTECHNOLOGY Co.,LTD» ЖШС ірі қара мал сүйегінен май және желатин компоненттерін өңдейтін зауыттың құрылысы мен «Samruk Signal Systems KZ» ЖШС-ның радиостанциялар мен басқа да электрондық құрылғылар өндіретін зауыт құрылысы қарқынды.
Жалпы облыс көлемінде кәсіпкерлік нысандардың қатары артса, енді бірінің іргетасын қалау жұмыстары жалғасып келеді. Түркістан облысының экономикалық өсімі мен индустриалды даму бағыты қарқынды жалғасып, аймақта іске асқан инвестициялық жобалар оң нәтижесін беруде. saraptimes.kz

Алдыңғы жаңалық

Республикада негізгі капиталға инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр

Келесі жаңалық

Түркістан облысында 3 жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі