Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУДА ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

21 июля, 2020
in Қоғам
0
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУДА ҚАРҚЫНДЫ ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Бүгінгі күні жаңадан төселген автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында ел аумағында жүйелі жұмыстар атқарылуда.
Атап айтсақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің жанынан құрылған «Сапалы жол — адалдық алаңы» жобасы аясында республикалық, облыстық, аудандық және жергілікті жолдардың сапасына тұрақты негізде бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.
Аталмыш жобаның негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау мен жаңа төселген жолдар сапасына қоғамдық бақылауды күшейту болып табылады.
Бұл үрдіс Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен киелі өңірде де өз жалғасын тауып, бүгінгі күні «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері мен «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің және Арнайы мониторингтік топ мүшелерінің қатысуымен облысқа қарасты автомобиль жолдарының сапасы жіті қадалағанып келеді.
Мәселен, 2019 жылы «Сапалы жол — адалдық алаңы» жобасы шеңберінде 10 ауданда, соның ішінде Шардара, Жетісай, Мақтаарал, Сайрам, Келес, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында салынған автожолдардың сапа деңгейі сараланып, жылжымалы зертханалық көлігі арқылы күре жолдардан алынған 65 сынаманың 52-сі нормативтерге сәйкес келмейтіндігі анықталды.
Өткен жылы жүргізілген жол сапасын бақылау жұмыстары барысында жалпы саны 67 бұзушылық, атап айтсақ өндірістік-техникалық құжаттаманың жүргізілмегендігі, асфальт-бетон жамылғысында ақаулар мен сызаттардың болуы, сондай-ақ жолдардың тегіссіздігі мен біркелкі қалыпта емес екендігі мәлім болған еді.
Сәйкесінше, анықталған ақаулар бойынша мердігер мекеме басшыларына акт түзіліп, қайта қалпына келтіру бойынша ұсыныстар білдірілген болатын. Ал, ағымдағы жылы мониторингтік топ мүшелері Түркістан облысына қарасты 6 қала/аудандарда, соның ішіндеТүркістан, Кентау, Арыс қалаларымен Бәйдібек, Созақ, Сарыағаш аудандарында арнайы болып, тұрғындардың арыз-шағымдары негізінде жаңадан төселген автокөлік жолдарға сараптама жүргізді.
Нәтижесінде, 61 бұзушылық деректері, атап айтсақ асфальт –бетон жамылғысындағы қалыңдықтың сәйкес келмеуі, жол төселімінде шөгінділермен тегіссіздіктер, сынулармен ығысулардың орыналуы, жол жиектерінің бұзылғандығы мен шөптердің шиыршықтала өсіп шыққандығы, сондай-ақ алынған 67 сынаманың 47-сі бекітілген талапқа сәйкес келмейтіндігі анықталып, ақауларды жою бойынша жергілікті атқарушыоргандарға тапсырыс берушімен 6 хат жіберілді.
Бұған қоса, «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы аясында жыл басынан бері облыстық маңызы бар тас жолдарда ауыр жүк көліктерінің ішкі тәртібіне рейдтік шаралар жүргізіліп, нәтижесінде шамадан тыс жүк тиеген 70 ауыр жүк көлігіне жалпы құны 1 377 370 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айта кетсек, айына екі рет «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы” РМК Түркістан облысы бойынша филиалы мен «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері бірлесе отырып, облысқа қарасты барлық қала/аудандардың автокөлік жолдарына тұрақты негізде мониторингтік жұмыстарын жүргізіп отырады.
Осы орайда, өңір тұрғындары өзі тұратын қала/аудандардың жол сапасынан кемшіліктер мен ақауларды байқаған жағдай да, + 7 747 263 83 63 нөміріне қоңырау шалуға(фото-, видеоматериалдарды қоса жіберуге)және мониторинг жұмыстарына бірге қатысуға болатынын хабарлаймыз!
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай

 

Алдыңғы жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ ЖӘНЕ ӨКПЕ ҚАБЫНУЫ БЕЛГІЛЕРІМЕН ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІН ШАҚЫРТУ САНЫ АЗАЙДЫ

Келесі жаңалық

ШАРДАРА - АРЫС КҮРЕ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі