Вторник, 9 июня, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

ХАЛЫҚ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ТИІС

21 июля, 2020
in Ауыл, Қоғам
0
ХАЛЫҚ АУЫЗ СУМЕН ТОЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ ТИІС
0
SHARES
12
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығын орталықтандырылған ауыз су жүйелерімен қамтамасыз ету жұмыстарын да бақылап, жаңадан салынып жатқан магистралдың сапасын тексерді. Аймақ басшысы жауапты сала басшыларына тұрғындарды толық таза сумен қамтамасыз етуді тапсырды. 171 919 халық тұратын Түркістан қаласында орталықтандырылған ауыз су жүйелерімен  қамтамасыз ету жұмыстары 98,9% — ға орындалған. Тіршілік нәрі Біресек-Хантағы және Мырғалымсай су көздерінен магистралды су құбыры арқылы тасымалданады. Суаққының жалпы қуаттылығы – 40 мың м3/тәулік, ұзындығы – 37,2 шақырым. Рухани астанада құрылысы жаңадан салынып жатқан әкімшілік-іскерлік және мәдени-рухани орталығындағы нысандарды үздіксіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, Түркістан облысы әкімдігі мен тиісті министрліктермен бірлесе Жол картасы әзірленді. Жоба бойынша қашықтығы 45,9 шақырым магистралды суаққының құрылысын салу жоспарланған. Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан 15,1 шақырым суаққының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, Кентау қаласынан Түркістан қаласының резервуарына дейін магистралдық су тарқыш салу жобасы іске асуда. Облыс бюджетінен жүзеге асқан жоба бойынша сыйымдылығы 2х10000 м3 топтамасы мен Оранғай, Біресек, Мырғалымсай сыртқы су жүйелерінің құрылысы, 5 дана су ұңғымасын қазу жұмыстары  қаралған. Жұмыс кестеге сәйкес жүруде.

Г. Асқарқызы

Алдыңғы жаңалық

ШАРДАРА - АРЫС КҮРЕ ЖОЛЫ ЖӨНДЕЛУДЕ

Келесі жаңалық

АҚОРДА КОРОНОВИРУСКЕ БӨЛІНГЕН АҚШАНЫҢ ҰРЛАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАДЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі