Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

1 МЛН-НАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЖИЫНТЫҚТАР ҮШІН ТӨЛЕМ АЛАДЫ.

22 июля, 2020
in Жаңалықтар, Хабарландыру, Қоғам, Әлеумет
0
1 МЛН-НАН АСТАМ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ ТҰРМЫСТЫҚ ЖИЫНТЫҚТАР ҮШІН ТӨЛЕМ АЛАДЫ.
0
SHARES
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың шілде айында азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін қаражат төлеуді көздейтін бұйрықты әзірлеп, қабылдады. Қазақстандықтар ағымдағы жылдың шілде айының үшінші онкүндігінде банк карталарына төлем ала бастайды.
Бұйрық күшіне енген кезде 5 әлеуметтік топқа жататын азаматтар алушылар болады. Жергілікті атқарушы органдар қолда бар деректер негізінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтық алуға тиісті адамдардың тізімін жасайды. Содан кейін шілде айына, яғни шектеу шараларының қолданылу кезеңінде алушыларға сомасы 2 АЕК мөлшерінде төлем жіберіледі.
5 әлеуметтік топқа:
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарынан 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;
– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
– медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұрақты тұратын мүгедектерді қоспағанда, барлық жастағы I, II, III топтағы мүгедектер;
– мүгедек бала тәрбиелеп отырған адамдар;
– жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органда тіркелген жұмыссыз азаматтар жатады.
Бұған дейін хабарланғандай, коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында адамдардың тікелей байланысын болдырмау үшін азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар 2 АЕК-тен кем болмайтын мөлшерде алушылардың банк карталарына аударылған төлемге ауыстырылды.
Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдың наурыз айынан мамыр айына дейін бұл төлемдер жалпы сомасы 13,5 млрд. теңгеге 1 млн. адамға, оның ішінде Түркістан облысы бойынша 2 млн. теңгеге 160,6 мың адамға есептелген.
Естеріңізге сала кетейік, 14 шілдеде ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қазақстандықтарға азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар үшін ақшалай қаражат төлеуді бастауды тапсырған болатын.
Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев короновирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларын күшейтуді тапсырды. Табыссыз қалған қазақстандықтарды қолдау үшін жәрдемақылар, біржолғы төлемдер төленді, оның ішінде азық-түлік және тұрмыстық жиынтықтар берілді.

 

Алдыңғы жаңалық

МАҚТААРАЛДА ДӘРІХАНАЛАРДЫҢ САПАЛЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУІН БАҚЫЛАУ ҮШІН ӘРБІР ДӘРІХАНАҒА ЕРІКТІЛЕР БЕКІТІЛДІ.

Келесі жаңалық

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ТҰМАУ ЖӘНЕ ӨКПЕ ҚАБЫНУЫ БЕЛГІЛЕРІМЕН ЖЕДЕЛ-ЖӘРДЕМ ҚЫЗМЕТІН ШАҚЫРТУ САНЫ АЗАЙДЫ.

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі