Суббота, 5 сентября, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Ауыл

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 54 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

23 июля, 2020
in Ауыл, Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА 54 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
Түлкібас ауданында биыл жалпы ұзындығы 68 шақырымды құрайтын 54 жолға күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында жалпы ұзындығы 36 шақырымдық 35 көше орташа және күрделі жөндеуден өтеді. Бүгінгі таңда аталмыш жолдардың 11,24 шақырымы пайдалануға берілген. Жалпы жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айларында толық аяқталатын болады.
Сонымен қатар, ауданда жұмыспен қамтудың жол картасы 2020-2021 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде 6 жоба іске асуда. Олар: 3-і мектептің күрделі жөндеу жұмыстары және 3-і инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту. Бағдарламаның ерекшелігі жоғарыда аталған әр түрлі бағыттағы құрылыс жұмыстарына 133 адам жұмылдырылса, оның 70-і аудан тұрғындарын құрап отыр. Бұл дегеніміз елімізде орын алған карантин режимі кезінде уақытша жұмыссыз қалған аудан тұрғындарына уақытша жұмыс көзінің пайда болуы. Осылайша аудан тұрғындары қиын кезеңде мемлекет тарапынан қолдауға ие болып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Алдыңғы жаңалық

Түркістан облысында учаскелік полиция инспекторының жедел-әрекеті арқасында бұзақылықты тоқтатты

Келесі жаңалық

МАСКАСЫЗ ЖҮРГЕН ТҰРҒЫНДАР АУДАН ӘКІМІНЕН СӨЗ ЕСТІДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі