Воскресенье, 19 апреля, 2026
  • Бізбен хабарласыңыз
saraptimes.kz
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Қоғам
  • Әлеумет
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Білім
  • Денсаулық
  • Ауыл
  • Хабарландыру
  • Пікір
No Result
View All Result
saraptimes.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА АЙНАЛМА ЖОЛ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

23 июля, 2020
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАҢА АЙНАЛМА ЖОЛ БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы қазаны қайнаған құрылыс алаңдарын аралады. Құрылыс басында карантин талаптары қатаң сақталған. Кей нысандарда жұмыс үш ауысымға көшкен. Басым бөлігінде құрылысы аяқталған нысандардың айналасын абаттандыруға күш салуда.

Облыс басшысы биыл қолданысқа берілетін басқармалар үйі, Конгресс — холл, жаңа мешіт, дендробақ, желілік саябақ, драма театр, облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана, Ұлы дала елі, Қолөнершілер орталығы, Тұңғыш Президент саябағы мен Қожа Ахмет Ясауи мұражайы нысанының құрылысында болып, жұмысшылармен кездесті. Жұмыс кестеге сәйкес жүруде. Жауаптылар аймақ басшысынан нақты тапсырмалар алды.

Түркістан қаласындағы орташа жол жөндеу жұмыстары да тынымсыз жүріп жатыр. Биылғы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында инфрақұрылымы толық аяқталған 111,13 шақырым құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көшелерде сарқынды су жүйесіне арналған футляр орнату, жол негізін даярлау, аяқ жолдардың жиектастарын орнату жұмыстары қоса жүргізілуде.

Қала орталығындағы Бекзат Саттарханов даңғылы бойында орналасқан «Керуен сарайы» кешенінің тұсында айналма жолдың құрылысы да  аяқталуға жақын. Жол төселіп, веложолдың және тротуар орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, қаланың орталық көшелеріне 30 аялдама орнатылады. Бүгінде жеңіл конструкциялы заманауи 9 аялдама қаланың басты көшелеріне қойылды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Алдыңғы жаңалық

МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДАҒЫ ЖАҢА МӨЛТЕК АУДАНДА 31 ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ

Келесі жаңалық

ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖЕТКІЗІЛДІ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


ИП Дауренова Р.Б.
г. Шымкент
+7 707 734 9594
info@saraptimes.kz

Пайдаланушылық келісім

Saraptimes.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде saraptimes.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде


No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Билік
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Білім
  • Спорт

saraptimes.kz ақпарат агенттігі