Карантиндік шектеулерге қарамастан құрылысы жүргізіліп жатқан әлеуметтік нысандар кестеге сай салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Ұқсас жаңалықтар Алматыда қисайған үйлердің тұрғындары тағы да әкімге шағымданды СҚО-да 1200 орынға шақталған студенттер жатақханасы салынбақ Түлкібас ауданында 54 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр СҚО-да тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушылар компьютермен қамтылады Қалалық әкімдіктің мәліметінше, 7020 орындық 13 мектептің құрылысына қазынадан 8,4 миллиард теңге бөлінген. Олардың 9-ның құрылысы биыл аяқталады деп жоспарланған. Өзге мектептер келесі жылға өтпелі. Ағымдағы жылы тапсырылатын білім ошақтарының қатарында 1 мың 200 және 300 оқушыға лайықталған 8 жалпы білім ордасы бар. Ал, тоғызыншы нысан өнер мектебі болып ашылады. «5 мектеп 1200 орындық болып салынуда. Бұл нысандар Самал-3, Асар-2 шағын ауданында орналасқан. Тағы бір мектеп және 300 орындық №23, №101 мектептер тамыз айында тапсырылады. 300 орындық №17, №63 және №84 мектептер жыл аяғында пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Сонымен қатар, Бекет батыр-Ташенов көшелерінің қиылысында орналасқан 1 өнер мектебінің құрылысы биыл аяқталмақ. Қалған 1920 орындық 4 мектеп құрылысы келесі жылға өтпелі. Жалпы нысандардың құрылысына 620 жұмысшы жұмылдырылған» делінгенәкімдіктің
https://www.inform.kz/kz Сайтынан



